«Сейітқали Меңдешев. Құжаттары мен материалдар жинағы» атты кітаптың тұсаукесері өтеді

«Сейітқали Меңдешев. Құжаттары мен материалдар жинағы»  атты кітаптың тұсаукесері өтеді

29 наурызда сағат 11:00-де ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен «Ғылым Ордасы», ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ бірлесе отырып көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, автономиялы Қазақ Республикасы Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы, Кеңес дәуіріндегі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан бірегей тұлға, қазақ жерінің тұтастығын қалпына келтіру жолында және кеңестік билік органдарын жергіліктендіру жолында, 1921-1922 жылдардағы аштыққа қарсы күресті ұйымдастыруға, қазақ ағарту және ғылым салаларының негізін қалауға ерен еңбек сіңірген қайраткер Сейітқали Меңдешевтің 140 жылдық мерейтойын атап өту аясында «Сейітқали Меңдешев. Құжаттары мен материалдар жинағы» атты кітаптың тұсаукесерін офлайн және онлайн түрінде өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сейітқали Меңдешевтің тарихи тұлғасы, оның қазақ халқына сіңірген қызметі арқылы тарихтың ақтаңдақ беттерін ашу, отандық тарихи тұлғатану ғылымына үлес қосу, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеу, Алаш қайраткерлерін еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш ету.

Кітаптың тұсаукесеріне тарихшы ғалымдар, студенттер, магистранттар, докторанттар және БАҚ өкілдері, C.Меңдешевтің туыстары мен жерлестері, сондай-ақ, осы тақырыпқа қызығушылық танытатын барлық азаматтар шақырылады.

Zoom арқылы конференцияға қосылу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/83210667251?pwd=ZGVycmFSWHI3S1NsVEFqblU2OWZnUT09

Конференция идентификаторы: 832 1066 7251; Кіру коды: 591933

Іс-шараның өтетін орны: 050100, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28. «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының конференц-залы (3-қабат).

Ұйымдастыру комитеті

Тілеубаев Шәмек Баянұлы (+7 (707) 208-9243)

Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы (+7701-765-2706)