
2021 жылдың 19 қарашасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Орталық мемлекеттік архивінің құрылғанына 100 жыл толуына орай, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Орталық мемлекеттік архивінің 100 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтіледі.
Мерекелік іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е.Көшербаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Р. Райымқұлова, шетелдік және отандық архив саласының мамандары мен ардагерлері және т.б. қоғам және мемлекет қайраткерлері, меценаттар қатысады деп жоспарлануда.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің ғимаратына орнатылған «Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне 100 жыл. 1921-2021» атты мемориалды ескерткіш тақтаның және «Жауһар жәдігерлер-2021» атты көрменің ашылу салтанаты, архивтің 100 жылдығына арнайы шығарылған ғылыми жинақтар мен кітаптардың тұсаукесерлері, «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивіне – 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттау рәсімі өткізіледі (Абай даңғылы, 39-үй). Басталуы: сағат 11:00.
Салтанатты іс-шараның негізгі бөлігі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтеді. Іс-шарада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрме мен құнды әрі бірегей құжаттар көрмесі қойылады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хаты оқылып, жоғарғы мәртебелі қонақтар сөз сөйлейді. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің 100 жылдығына арнайы түсірілген деректіфильмі көрсетіледі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттау рәсімі өткізіледі. Басталуы: сағат 16:00.
Басталуы: 19 қараша 2021 жыл, сағат 11:00-да.
Өтетін орны: Абай көшесі, 39-үй (ҚР Орталық мемлекеттік архиві); Қабанбай батыр көшесі, 110 (Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры).
Анықтаманы және қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 8 (727) 2720377, 2720334. E-mail: cga_rk@mail.ru