Стратегиялық әріптестікті іске асыру үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру

Стратегиялық әріптестікті іске асыру үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық мәдени мұраны мұраны сақтау, зерттеу және  танымал ету, архив ісін жүзеге асырудың тиімділігін арттыру» бағыты бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау басталғаны туралы хабарлайды («Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы», «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсы, «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары»).

Конкурсқа өтініш берушілердің құжаттары биылғы жылдың 31 наурызға дейін мына электронды мекен-жай бойынша baikau_mki@mail.kz қабылданады.

Конкурстық құжаттамамен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтынан танысуға болады.

Стратегиялық әріптестікті жүзеге асыратын мемлекеттік тапсырысты орындау Ережесіне сәйкес (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300032852), сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілер (ҮЕҰ) Ереженің 3-тарауының 7-тармағына сәйкес талаптарға сай келуге тиіс.

Конкурсқа ұсыну үшін қажетті құжаттар пакеті Ереженің 3-тарауының 10-тармағында белгіленген.

Сұрақтар туындаған кезде мына нөмірлерге хабарласуға болады:

8 (7172) 740408, 8 (7172) 740407

 

Ескерту!

Өтінімді baikau_mki@mail.kz электрон поштасына жібергеннен кейін, техникалық ақаулар болмауы үшін 8 (7172) 740408 нөмірі бойынша бізбен міндетті түрде хабарласуыңызды сұраймыз.

Дата публикации
11 марта 2025