Жоба
Қазақстан Республикасының
заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив
ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының келесі заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, архивтер, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша айқындайды;»;
2) 139 баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, архивтер, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленедi.
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, архивтер, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.».
1) 16-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Туыстары мен басқа да адамдарды ақталғандардың құжаттарымен таныстыру «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) архив – архив құжаттарын жинауды, сатып алуды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алуды және пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның негізгі болып табылатын құрылымдық бөлімшесі;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) архив құжаттарын депозитарлық сақтау – архив құжаттарының меншік иесінің архивтік құжаттарға меншік құқығын сақтай отырып, құжаттардың меншік иесі мен тиісті архив арасындағы шартта айқындалатын талаптарда архив құжаттарын архивте сақтау;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) архивтік құжаттарды уақытша сақтау – архивтік құжаттарды олар жойылғанға дейін уәкілетті органмен белгілеген мерзім ішінде сақтау;»;
9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару – архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау және оларды электрондық архивтің ақпараттық жүйесіне көшіру;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) аудиовизуалды құжаттардың міндетті данасы – оны өндірушісімен мемлекеттік архивтерге өтеусіз тапсырылуға жататын кино-, фото-, фоно- және бейнеқұжаттардың әртүрлі түрлерінің данасы;»;
15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) жеке құрам жөніндегі құжаттар – қызметкерді жұмысқа, қызметке қабылдау, ауыстыру (орнын ауыстыру), жұмыстан шығару барысында қалыптасатын, демалыс беру, іссапарға жіберу, көтермелеу, жалақы есептеу туралы құжаттар, әлеуметтік, зейнетақылық және медициналық қамтамасыз етуге ақшаны ұстап қалу және аудару, оқу, біліктілік, разряд, атақ беру туралы мәліметтер, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты өзге де құжаттар;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
15-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1) жинақтау көзі – қызмет үдерісі барысында тұрақты сақтауға тапсырылуға жататын Ұлттық архив қорының құжаттары қалыптасатын жеке немесе заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқаға сәйкес келетін және осындай электрондық бейнені жасаған тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық бейнесі;»;
мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:
«17-2) құжаттардың құндылығын сараптау – құжаттардың сақтау мерзімдерін белгілеу және оларды Ұлттық архив қорының құрамына енгізу үшін іріктеу мақсатында олардың құндылығының өлшемшарттары негізінде құжаттарды зерттеу;»;
мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын:
«17-3) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету – өзара байланысты ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік, техникалық және физика-химиялық іс-шаралар кешені және оларды есепке алу;»;
мынадай мазмұндағы 17-4) тармақшамен толықтырылсын:
«17-4) құжаттың электрондық нысаны – электрондық түрде жасалған, берілетін, өңделетін және сақталатын ақпаратты ұсыну нысаны;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) Мемлекеттік қор каталогы – Ұлттық архив қоры және жеке құрам бойынша құжаттардың құрамы, мазмұны, орналасқан жері және қолжетімділігі туралы мәліметтерді ұсынатын архив қорларының жүйелендірілген тізілімі;»;
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) түпнұсқа құқығындағы архив құжатының көшірмесі – өзге мемлекеттердің, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтардың меншігіндегі және тұрақты сақтауға жататын архив құжатының түпнұсқасының ақпараты мен сыртқы белгілерін жаңғыртатын көшірме;»;
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтау – Ұлттық архив қорының құжаттарын мерзімін айқындамай (мерзімсіз) сақтау;»;
мынадай мазмұндағы 24-2) тармақшамен толықтырылсын:
«24-2) Ұлттық архив қорының құжаттарын уақытша сақтау – Ұлттық архив қорының құжаттарын оларды тұрақты мемлекеттік сақтауға бергенге дейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сақтау;»;
мынадай мазмұндағы 24-3) тармақшамен толықтырылсын:
«24-3) электрондық құжаттың қағаз тасығаштағы көшірмесі – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен куәландырылған, электрондық құжатты қағаз тасығышта сыртқы ұсыну нысаны.»;
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1-бап. Мемлекеттік архивтердің мәртебесі»;
1-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Архив ісі саласындағы қызметінің айрықша мемлекеттік және қоғамдық мәні бар мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебесі берілуі мүмкін.
«Ұлттық» мәртебесін Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.»;
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
«1. Ұлттық архив қорының құрамына олардың шығу көзіне, жасалу уақыты мен тәсіліне, жеткізгіш түріне, меншік нысанына және сақтау орнына байланыссыз архивтік құжаттар кіреді:
1) заңнамалық актілер және басқа да ресми құжаттар;
2) басқарушылық, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, жобалау-конструкторлық, жобалау-сметалық, технологиялық, қала құрылысы құжаттамасы, патенттік-лицензиялық, картографиялық, геодезиялық, геологиялық, телеметриялық және басқа да арнайы құжаттама, оның ішінде сызбалар және оларға мәтіндік жазбалар;
3) электрондық ақпараттық ресурстар, машинаға бағдарланған және дыбыс-бейне құжаттама;
4) тарих пен мәдениеттің деректі ескерткіштері;
5) жеке тектік құжаттар және ұлттық құндылық болып табылатын өзге де құжаттама;
6) Қазақстан Республикасының меншігіне келіп түскен өзге де құжаттар;
7) аса құнды құжаттардың сақтандыру көшірмелері;
8) Қазақстаннан тыс жерлерде түпнұсқалар құқығында айқындалған архивтік құжаттардың көшірмелері;
9) уәкілетті органмен анықталған тәртіппен расталған қағаз жеткізгіштегі құжаттардың электрондық көшірмелері;
10) цифрлық форматқа аударылған құжаттардың көшірмелері;
11) уәкілетті органмен анықталған тәртіппен расталған қағаз жеткізгіштегі электрондық құжаттардың көшірмелері.»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасының Президенті Архивінің, арнаулы мемлекеттік архивтердің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтерінің, кітапханалардың, музейлердің және жеке меншік архивтердің құжаттары Ұлттық архив қорын қалыптастырудың негізі болып табылады.»;
4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекет шетелдегі Қазақстан тарихы бойынша құжаттарды және Қазақстан Республикасымен тарихи байланысты шетелде жүрген құжаттарды қайтару шараларын қабылдайды, оларды анықтауды, сатып алуды және Қазақстан Республикасына қайтаруды қаржыландырады.»;
3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сараптамалық-тексеру комиссиясының қорытындысы және Орталық сараптамалық-тексеру комиссиясының келісімі негізінде уәкілетті орган:»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Ұлттық архив қорын жинақтау көздерінің тізімдерін бекітеді;»;
2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде, орталық мемлекеттік архивтерде, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде, арнаулы мемлекеттік архивтерде, мемлекеттік кітапханаларда және музейлерде сақтаулы, республикалық меншіктегі құжаттар;»;
6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту, яғни меншік құқығын беруге байланысты мәмілелер объектісі бола алмайды, сондай-ақ басқа мемлекеттерге тұрақты сақтауға әкетуге болмайды. Осы Заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес Ұлттық архив қорының құжаттарын беру есепке алынбайды.»;
«2. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар уәкілетті орган анықталған тәртіппен құжаттардың құрамы туралы деректердің мемлекеттік есебін жүргізеді және бұл деректерді тиісті мемлекеттік архивтерге ұсынады.»;
«1. Ұлттық архив қорының құжаттары туралы мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қор каталогын жүргізуді Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві жүзеге асырады.»;
2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауды Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, арнаулы мемлекеттік архивтер мен облыстардың, қалалардың және аудандардың мемлекеттік архивтері жүзеге асырады.»;
4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттарын сақтау және пайдалану жөніндегі міндеттемелер олардың меншік иелері Қазақстан Республикасының Ұлттық архивімен, орталық мемлекеттік архивтермен, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен, облыстардың, қалалардың және аудандардың мемлекеттік архивтерімен жасасатын шарттарда көрсетіледі.»;
«1-1. Заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалар Ұлттық архив қоры және жеке құрам бойынша құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен сақтау мерзімдері бойы сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
«1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық архивтерде сақтау мерзімі өткен соң ретке келтірілген түрде мемлекеттік архивтерге тұрақты сақтауға берілуге тиіс.»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1 бап. Дыбыс-бейне жазу құжаттардың міндетті данасын тапсыру»;
13-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қаражат есебінен дыбыс-бейнежазу құжаттамасын өндіретін жеке және заңды тұлғалар оны алғашқы дайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мәтіндік ілеспе құжаттамасы бар дыбыс-бейне жазу құжаттамасының міндетті даналарын ақысыз негізде мемлекеттік архивтерге мемлекеттік сақтауға береді.
Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жеке қаражаты есебінен дыбыс-бейнежазу құжаттамасын өндіретін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мәтіндік ілеспе құжаттамасы бар дыбыс-бейне жазу құжаттамасының міндетті даналарын ақысыз негізде мемлекеттік архивтерге мемлекеттік сақтауға беруге құқылы.»;
«4. Ұлттық архив қорының және жеке құрам бойынша үшінші тұлғаларға қатысты құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының мемлекеттік және ведомстволық архивтер мен олардың филиалдарында сақталатын, пайдалану үшін ашық Ұлттық архив қорының құжаттарын тегін пайдалануға құқығы бар, жеке және заңды тұлғалардың жекелеген санаттарына құжаттарды пайдалануды шектеу осы Заңның
16-бабында белгіленеді.»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1 бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару және ақпараттық жүйелерді пайдалану»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ведомстволық архивтер Ұлттық архив қорының және жеке құрам бойынша архивтік құжаттарды электрондық нысанға аударуды тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті.»;
2-тармағы алынып тасталсын;
4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архив құжатының электрондық көшірмесі архив құжатының бастапқы түпнұсқасына тең.»;
мынадай мазмұндағы 5, 6, 7, 8, 9, 10-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві ақпараттық жүйесі Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында құрылады.
16) 16-1-бапта:
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) архивтік құжаттарда бар, пайдаланылған мәліметтерді бұрмалауға және жалған етуге жол бермеуге;»;
3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
3) архивтік құжаттарды жариялау, дәйексөз келтіру кезінде олардың сақталатын жеріне және меншік иесіне сілтемені көрсетуге міндетті.
17) 18-бапта:
1-2-тармақпен толықтырылсын:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі:»;
1-2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебесін берудің тәртібі мен шарттарын ұсынады;»;
2-тармағы мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) мемлекеттік архивтер ғимараттарын салуды, реконструкциялауды және жөндеуді қаржыландыруды жүзеге асырады;
13-2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Ұлттық» мемлекеттік архивке мәртебе беру туралы ұсыныс енгізу;»;
3-тармағында:
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалар мен аудандардың мемлекеттік архивтеріне сақтауға қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, жинақтауды және пайдалануды ұйымдастыру;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) мемлекеттік архивтердің ғимараттарын салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;»;
18) 20-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) архив мекемелері: Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, арнаулы мемлекеттік архивтер, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалардың және аудандардың мемлекеттік архивтері кіреді.»;
19) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте, экономикалық тергеп-тексеру қызметінде мемлекеттік мекеме, құрылымдық бөлімше нысанында не құрылымдық бөлімше құрамында арнаулы мемлекеттік архивтер құрылуы мүмкін.»;
1-бабының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) электрондық архив – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электрондық нысанда ұйымдастырылған және сақталатын архивтік электрондық құжаттардың жиынтығы;».
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) электрондық архивтік құжат – электрондық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған архивтік құжат;».
7-бабының 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, архивтер, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ осы санаттардағы жұмыскерлерге өзге де әлеуметтік көмек шараларын айқындау;».
3-бабының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
89-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын;
«11-1) банкрот деп танылған заңды тұлғаның архивтік құжаттарын ретке келтіруді және оларды тиісті мемлекеттік немесе арнаулы мемлекеттік архивке тапсыруды ұйымдастыру;».
39-бабының 3-тармағы мынадай мазмұндағы 58) тармақшамен толықтырылсын:
«58) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Ұлттық архив қоры және жеке құрам бойынша құжаттарды ретке келтіру бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік архивтерден сатып алу;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ. Тоқаев