Еліміздің архив мекемелері қызметінің бағыттарының бірі- Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының кейінгі ұрпақ үшін сақталуын ұйымдастыру. Олар Қазақстанның да, шет елдердің де жұртшылығы мен ғылыми қоғамдастық өкілдері тарапынан кеңінен сұранысқа ие.
Архивистердің атқарған ерен еңбегінің арқасында жыл сайын архив қорларының көлемі орта есеппен 2 % артып келеді, Министр алқа отырысында атап өткендей, ол 26 млн астам сақтау бірлігін (бұдан әрі – с.б.) құрайды.
Қабылданған 360 мың істің ішінде Орталық мемлекеттік архивтің қорлары шетелдік архивтерден сатып алынған құжаттарды сақтаудың 114 бірлігімен толықтырылды.
Жеке текті және аудиовизуалды (фоно-, фото-, бейне құжаттар және кинофильмдер) құжаттарды қабылдаудың оң динамикасы байқалады. 2021 жылы өткен кезеңмен салыстырғанда аудиовизуалды құжаттардың өсуі 57 % құрады (180 567 с.б. шаққанда), 3 147 (1,1%) іске жеке текті қорлар құрады.
Бұл құжаттар қатары алдағы уақытта зерттеушілерге Тәуелсіз Қазақстанның қарқынды даму үдерістерін зерделеуге және оған азаматтық қоғамдастықтың қатысуына мүмкіндік береді.
Архивтік құжаттарға қажеттілік жеке және заңды тұлғалардың сұраныстары үлесінің артуымен, сондай-ақ пайдаланушылардың мұрағаттық қорлардағы құжаттық дереккөздерді зерделеу жөніндегі өтінішімен расталады.
Мәселен, пандемияға байланысты карантиндік шараларға қарамастан, тіркелген зерттеушілер саны 59% - ға артты (2020 жылғы 2 651-ден 4 215 адамға дейін), 493 мыңнан астам сұрау орындалды(2021 – 493 222, 2020 – 461 832). Өткен жылмен салыстырғанда сұраныстардың өсуі 6,8% құрады.
Архив көздерін көпшілікке тарату, архив қорларының құрамы мен мазмұны туралы халықты ақпараттандыру мақсатында есепті кезеңде архивистер 5 206 (2020 – 5 414) ақпараттық іс-шаралар өткізді.
Комитет архив ісі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде келісімдерге қол қою және жаңарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ, өткен жылдың желтоқсан айында ТМО – ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік архив қызметтері басшыларының консультативтік кеңесінің 17-ші отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан 2022 жылға арналған консультативтік кеңестің төрағасы болып бірауыздан сайланды.
Ауқымды цифрландыру бағдарламасына көшуді ескере отырып, архив ісі саласындағы негізгі бағыттардың бірі бірыңғай жүйеде шоғырландыра отырып, мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметінің негізгі процестерін автоматтандыру мәселелерін шешетін «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – «Е-Архив» АЖ) енгізу жөніндегі жобаны іске асыру болып табылады. ведомстволық ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуге арналған шығыстарды оңтайландыра отырып, сондай-ақ электрондық құжаттардың ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ете отырып, архив ісі саласында жұмыс жүргізеді.
Бүгінгі таңда ТМО елдерінде «Е-Архив» АЖ аналогы жоқ екенін атап өту қажет. Проблемалық мәселелер де бар, оларды шешу Министр атап өткендей, ағымдағы жылға бірінші кезекте тұр.