«Теміртау қаласының мәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің дайджесті
Өткен аралықта, онлайн режимінде жарнама қызметіне қатысты және офлайн режимінде жеке тұрғын үйлердің аумағына салынған шаруашылық қора-қопсыға қатысты 2 сот отырысы өтті.
«Теміртау қаласының мәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің дайджесті
Іс жүзінде – жер учаскесі жаяужолға дейін жапсарлас құрылыс салу үшін берілгендігі анықталды. Қазіргі уақытта меншік иесі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Қоршау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін орнатылған.
1. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі күн сайын жерге орналастыру жобаларын келісу, іскерлік хат алмасу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру бойынша жұмыстар атқарады.
2. Жазғы алаң жұмысына жеке тұлға жасаған өтініш бойынша «Теміртауқаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-мен бірлесе отырып, 3А-ықшамауданы, «Шоколад» кафесінің жанындағы нысанға барылды. Жазғы кафе құрылыс нормаларына сәйкес салынғандығы анықталды. Меншік иесінің өкіліне заманауи қондырғы (сүзгілі-желдеткіш блоктары бар ауа тазартқыш жүйесі) орнату бойынша ұсыныс жасалды.
3. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы;
Жобалау құжаттамасы негізінде қосымша жер учаскесін беру мәселесін;
Жеке тұрғын үйлердің аумағында шаруашылық қора-қопсы салу мәселесін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
4. Мердігерлермен қаланың бас жоспарын түзету бойынша жұмыстар жүргізеді.
5. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің мамандары, сәулет және қала құрылысы қызметі мәселесі жөніндегі мамандар ретінде сот отырыстарына қатысады.
6. Күн сайын – Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру, құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну, эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу мемлекеттік қызметтерін көрсету бойынша жұмыстар атқарылады.
7. Апта сайын «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша жұмыс жүргізеді
8. Күн сайын, жылжымайтын мүлікті әрі қарай тіркеуден өткізу үшін салынған нысандарды пайдалануға қабылдау актілері есепке алынады. 2024 жылғы 12 тамыздан бастап 2024 жылғы 16 тамызға дейінгі аралықта 45 акті тексеріліп, есепке алынды.
1. Жер учаскесін өз еркімен иеленіп алу (Менделеев көшесінің бойындағы жаяу жол) мәселесіне қатысты «Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-мен бірлесе отырып Менделеев көшесі, 11-үй мекенжайға барылды. Жаяу жолды босату қажеттігі туралы бұзушыға түсінік берілді.
2. Б.Момышұлы даңғылы, 97 мекенжайдағы көп қабытты тұрғын үйдегі пәтерлер санын өзгерту арқылы орын алған қайта салу мәселесін қарастыру.Мәселе өтініш берушінің және жобаның авторының қатысуымен қарастырылды.
Жобалаушы, үйді көтергіш, қоршау құрылымдарын, сондай-ақ үйдің инженерлік жүйесін өзгертпестен қайта жоспарлауға қатысты түсінік берді.
3. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша қызметтер атқарады.
Өтініш берушімен бірге, антенді-діңгекті құрылыс орнату үшін жер учаскесін беруден бас тарту мәселесі қарастырылды.
Сұратылып отырған жер учаскесі, коммерциялық бағытта жобаланған ғимараттың аумағнда орналасқан.
Өтініш берушіге антенді-діңгекті құрылысты қаланың аумағына орнату бойынша түсінік берілді.
4. «Сенім109» платформасына жасалған қала тұрғынының өтініші бойынша өтініште көрсетілген мекенжайға (Металургтер даңғылы мен Амангелді көшесінің қиылысы) барылды.
Іс жүзінде – жер учаскесін меншік иесі сатып алу-сату шартына сәйкес сатып алғандығы анықталды. Аумағында құрылыс вогандары орнатылған. Құрылыс салушыға, құрылыс орнын қоршау қажеттігі туралы айтылды.
Салынып жатқан нысандар туралы мониторинг «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-ге жолданды.
5. Күн сайын, жылжымайтын мүлікті әрі қарай тіркеуден өткізу үшін салынған нысандарды пайдалануға қабылдау актілері есепке алынады. 2024 жылғы 5 тамыздан бастап 2024 жылғы 9 тамызға дейінгі аралықта 21 акті тексеріліп, есепке алынды.
1. Техникалық тексеріс өткізу мақсатында Абай көшесі, 5/2 мекенжайдағы көп пәтерлі тұрғын үйді көзбен көріп тексеру жөніндегі комиссияға қатысу. Көзбен көріп тексеру нәтижесінде маманның қорытындысын талап ететін күрделі зақымдану анықталды.
Комиссия, тұрғын үйдің көтергіш құрылыстарын техникалық тексеру қадет деп шешті.
2. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы заңды тұлғаның өтініші бойынша «Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-мен бірлесе отырып Заводская көшесі, 15А мекенжайдағы нысанға сапар жасалды. Қазіргі уақытта нысан тұрғызылған, Мерзімді ұзартуға болады.
3. Электр желілеріне қосылу бойынша техникалық талаптарды сақтауға байланысты «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі, нысанның орналасқан жері бойынша қала жоспарынан сәулеттік көшірме беру жұмыстарын атқарады.
4. Күн сайын – Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру, құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну, эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу мемлекеттік қызметтерін көрсету бойынша жұмыстар атқарылады.
5. Апта сайын «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша жұмыс жүргізеді
6. Күн сайын, жылжымайтын мүлікті әрі қарай тіркеуден өткізу үшін салынған нысандарды пайдалануға қабылдау актілері есепке алынады. 2024 жылғы 29 шілдеден бастап 2024 жылғы 2 тамызға дейінгі аралықта 20 акті тексеріліп, есепке алынды.