1.Эскиздік жобаны келісу үшін қандай құжаттар қажет?
Жауап: Эскиздік жобаны келісу мемлекеттік қызмет болып табылады. Аталған мемлекеттік қызмет электрондық (толықтай автоматтандырылған). Мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген
құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту Қағидаларына сәйкес эскиз (эскиздік жоба) электрондық көшірмесі, нысан бойынша өтініш қажет.