Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің қызметі туралы 2022 жылға арналған есеп

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің қызметі туралы

2022 жылға арналған есеп

«Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі (бұдан әрі Сәулет бөлімі) 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру, 234 қызмет, ХҚКО арқылы көрсетіледі;
  2. Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну, 211 қызмет, оның 37-і дәлелді бас тарту. www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz арқылы көрсетілді.
  3. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу, 43 қызмет, оның 4-і дәлелді бас тарту. www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz арқылы көрсетілді.
  4. Объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру (құрылыстарды бұзу) – 0 қызмет.

2022 жылғы 9 айда 488 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 488 электронды түрде. Қала тұрғындарының арасында көбіне сұранысқа ие қызметтер: Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру, Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну, қызмет алуға 445 қызмет алушы жүгінді.

Сәулет бөлімінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орналастырылған. Сәулет бөлімі, Металлургтер даңғылы, 12 мекаенжайда орналасқан, анықтама үшін телефон 91-23-65.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің қызметі туралы 2022 жылға арналған есеп
Дата публикации
07 августа 2024