Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің қызметі туралы
2021 жылға арналған есеп
«Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі (бұдан әрі Сәулет бөлімі) 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
2021 жылы көрсетілген 748 мемлекеттік қызметтің 748 электронды түрде көрсетілді (2020 жылмен салыстырғанда қызметтер көлесі 95 ұлғайды). Қала тұрғындарының арасында көбіне сұранысқа ие қызметтер: Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру, Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну, қызмет алуға 694 қызмет алушы жүгінді.
Сәулет бөлімінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орналастырылған, онда ЭСҚ көмегімен қызмет алуға өтініш беруге болады.
Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру – 1-кезеңіне тқтала кетсек:
Стандартқа сәйкес бұл қызмет электронды түрде көрсетіледі. Қазіргі уақытта оны www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz орнату бойнша мәселе туындауда. Осыған байланысты осы қыземтте ХҚКО арқылы алуға болады.
Назарларыңызды нақты қандай нысандар үшін жер учаскесін сұрауға болатындығына аударғымыз келіп отыр. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес осы қызмет бойынша Сіз келесі нысандарға жер учаскесін ресімдей аласыз:
Назарларыңызды аталмыш тармаққа аударамыз. Егер Сіз өзіңізге тиесілі нысанды, қолданылып жатқан ғимаратқа жапсарлас құрылыс салу арқылы кеңейту ниетіңіз болса жобалау құжаттамасы негізінде, нысанды кеңейтуге қосымша жер учаскесін алу үшін ХҚКО жүгіне аласыз.
Бұл жағдайда жер учаскесі жеке меншіктегі ғимараттар мен жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық желілер салу үшін беріледі.
Бұл жағдайда жер учаскесі қалалық инженерлік коммуникациялар үшін коммуналдық кәсіпорындарға беріледі.
Мемлекеттік қызметті – бірінші кезең көрсетуге қажетті құжаттар тізімі:
1) Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) жер учаскесінің орналасу схемасының электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті – бірінші кезең көрсету мерзімі: ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне қарастыру уақыты да кіреді, кейін барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, оның ішінде коммуналдық қызметтермен келісілетін жер учаскесін таңдау актісі жасалады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекетік корпорациясы жер-кадастрлық жоспарын әзірлеуге смета жасайды.
Тиісінше, бірінші кезеңнен кейін қызмет алушы келісілген жер учаскесін таңдау актісімен ЖКЖ төлеу үшін смет алады.
Бұл қызмет, қызмет алушының аз уақытын алатындығы туралы айта кетеміз. Схема жасап, ХҚКО өтініш қалдыру қажет. Әрі қарай барлығын қызмет беруші (мемлекеттік орган) жасайды.
Сәулет бөлімі, Металлургтер даңғылы, 12 мекаенжайда орналасқан, анықтама үшін телефон 91-23-65.