«Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

Теміртау қаласы әкімдігінің

2021 ж. «____» _____________

№ ______ қаулысымен

бекітілген

 

 

 «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Сәулет және қала құрылысы бөлімі) Теміртау қаласы және Ақтау кенті аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы (салаларындағы) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Сәулет және қала құрылысы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, атауы қазақ тілінде жазылған мөрі және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  4. Сәулет және қала құрылысы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  5. Сәулет және қала құрылысы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Сәулет және қала құрылысы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Мемлекеттік орган басшысының бұйрықтары, мемлекеттік орган басшысының бұйрықтарымен немесе сот тәртібінде жойылуы мүмкін.
  7. Сәулет және қала құрылысы бөлімі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101406, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Металлургтер даңғылы, 12 үй.
  9. Осы ереже Сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
  10. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
  11. Сәулет және қала құрылысы бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Сәулет және қала құрылысы бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 Сәулет және қала құрылысы бөлімінің мақсаттары:

- заңнамада белгіленген тәртіппен қаланың бекітілген бас жоспарын, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласына жататын мәселелер бойынша объектілерді, кешендерді орналастыру жөнінде қала әкіміне ұсыныстар, қаулылар дайындау;    

- қала аумағындағы және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу;

- Теміртау қаласы және Ақтау кенті аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызметерді көрсету сапасын арттыру.

  1. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілеттіктері:

1) құқықтары:

- мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен және жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау және мемлекеттік органға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдары берген нормативтік талаптар мен техникалық тапсырмаларды, белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау-жоспарлау құжаттамасын бұза отырып орындалатын жұмыстарды және құрылыстың, қайта құрудың, қалпына келтірудің және күрделі жөндеудің кез келген түрін тоқтата тұру туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізуге;

- қалалық, өндірістік аймақтарды, көлік және инженерлік коммуникацияларды салу жобаларын, жаңа құрылыс жобаларын және өндірістік кәсіпорындарды қайта құру жобаларын, олардың қала құрылысы талаптарына және бекітілген бас жоспарға сәйкестігі тұрғысынан келісуге ұсынуды сұрату;

- мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті қосымша ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жолдауға құқылы;

- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие.

2) міндеттері:

- өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау;

- нормативтік, сәулет-қала құрылысы және басқа да талаптарға жауап бермейтін жобаларды, сәулет-жоспарлау тапсырмаларын бұза отырып орындалған, сондай-ақ тиісті лицензиялары жоқ ұйымдар мен тұлғалар әзірлеген жобаларды келісуге қабылдамауға;

- тиісті мемлекеттік органдарға өз еркімен құрылысқа, қала құрылысы тәртібін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қолданыстағы заңнаманы бұзуға кінәлі жеке және заңды тұлғаларды белгіленген тәртіппен әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселемен жүгінуге құқылы;

- қаланың тұрғын аудандары мен орталықтарын, маңызды сәулеттік мәні бар жекелеген ғимараттар мен құрылыстарды жоспарлаудың, салудың, абаттандырудың нобайлық жобаларын ең үздік сәулеттік және қала құрылысы түпкі ойды айқындау үшін кемінде 2 нұсқа әзірлей отырып орындау қажеттілігін айқындау;

- қала аумағында орналасқан меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер орындау үшін міндетті болып табылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;

- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңды өз өкілеттігі және осы ереже шегінде мүлтіксіз орындау бойынша заңды және жеке тұлғаларға жалпы басшылықты жүзеге асыру;

- мемлекеттік қызметтер стандарттарының қол жетімділігін қамтамасыз ету;

- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалауды жүргізу үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат ұсынуды қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат ұсынуды қамтамасыз етуге міндетті.

- егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік беруге;

- Мемлекеттік қызметтерді алушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау;

- өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыру;

- өз функцияларын орындау үшін қажетті басқа да іс - әрекеттер жасауға;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

  1. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің функциялары:

- қаланың бас жоспарының жобасын әзірлеу және қалалық мәслихаттың мақұлдауына енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

- қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын мәслихаттарға бекітуге ұсыну;

- құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылыстарды (объектілерді) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау үшін қала әкіміне құжаттар дайындау;

- әртүрлі меншік нысанындағы құрылыс объектілерін орналастыру, дамыту және мамандандыру мәселелерін және сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы басқа да мәселелерді қарауға қатысады және қала әкімінің шешімдеріне тиісті ұсыныстар, негіздемелер, ұсынымдар мен құжаттар дайындайды;

- қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекітуге және іске асыруға ұсыну;

- құрылыстың кешенділігіне, функционалдық аймақтарға бөлуге мониторингті жүзеге асыру;

- қала аумағында құрылыс салу ережелеріне сәйкес жеке тұрғын үй құрылысын реттеуді қамтамасыз ету;

жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халықты хабардар ету;

- заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректерін белгіленген тәртіппен ұсыну;

- жаңа кәсіпорындарды орналастыру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту және реконструкциялау мәселелері бойынша қорытындыларды келісу;

- Теміртау қаласындағы, Ақтау кентіндегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарламаларды қабылдау және қарау;

- ескертусіз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнаманы және ғимараттар (құрылыстар) меншік иелерінің, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының, ғимараттарға (құрылыстарға) өзге де заттық құқықтары бар тұлғалардың келісімінсіз орналастырылған сыртқы (көрнекі)жарнама объектілерін анықтау;

- жарнамалық қызмет мәселелері бойынша жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

- жарнама саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар жасау;

- сәулет қала құрылысы қызметін жүзеге асыруда жариялылықты қамтамасыз ету, қала құрылысы құжаттамасын және қала құрылысы шешімдерін қала әкімі бекіткенге дейін жұртшылықтың қарауына қатысу;

- қала құрылысы қызметін жүзеге асыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және өз құзыреті шегінде шешім қабылдау;

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті аумақтың жоспарланып отырған құрылымында маңызды маңызы бар жекелеген ғимараттар мен құрылыстарды жоспарлау, тұрғын үй және өнеркәсіп аудандарын салу жобаларын, сәулет жобаларын әзірлеуге және басқа да функцияларға конкурстар ұйымдастыру

- өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының және сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

- ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдау;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік беру;

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функциялар.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

  1. Сәулет және қала құрылысы бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

- Сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

- заңнамада белгіленген тәртіппен Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіпте тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алады;

- Сәулет және қала құрылысы бөлімінің актілеріне қол қояды;

- мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Сәулет және қала құрылысы бөлімін сенімхатсыз мүддесін білдіреді;

- мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кабылдайды және ол үшін дербес жауап береді;

- Сәулет және қала құрылысы бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша сәйкес жұмысты ұйымдастырады және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазакстан Республикасының заңнамасын және басқа да нормативтік құкықтык актілерді бұзғаны үшін жауапты;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
  2. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзіне бағынышты қызметкерлердің құзыреттерін айқындайды.

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

  1. Сәулет және қала құрылысы бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Сәулет және қала құрылысы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Сәулет және қала құрылысы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сәулет және қала құрылысы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Сәулет және қала құрылысы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

_____________________________

 

 

 

«Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Дата публикации
07 августа 2024