«Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
ТАЛДАМАЛЫ АНЫҚТАМА
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін объектінің атауы: «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негіздемесі:
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның ұсынысы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін кезең:
2026 жылғы 09 шілдеден бастап 31 шілдеге дейін.
2026 жылғы 09 шілдедегі № 01-02/16 бұйрықпен бекітілген жұмыс тобы «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де 2025 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Бөлім, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Президент пен Үкіметтің актілеріне, сондай-ақ Теміртау қаласының әкімдігі бекіткен Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің ережесіне сәйкес әрекет ететін, заңды тұлға статусына ие мемлекеттік мекеме болып табылады.
Ережеге сәйкес Бөлім жүзеге асырады:
Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық-қауіпті нормалар анықталған жоқ.
Бөлімнің қызметі, қызметкерлердің әрекетінің ашықтығы мен есеп берушілігін қамтамасыз ететін нақты әкімшілік үдерістермен регламенттелген.
3.1. Персоналды басқару
Мемлекеттік қызметшілердің штат саны – 4 бірлік, еңбек шарты негізінді жұмыс істейтін жұмыскерлер – 9,7 бірлік.
2025 жылы:
Жұмыс бабында көтерілу болған жоқ.
Кадрлық тұрақсыздық аз, бұл тұрақтылық мүмкіндігі және әдеп нормалырының бұзылу тәуекелдерін азайтады.
3.2. Мүддедер қайшылығын реттеу
Жұмыскерлердің және оларға тікелей бағынышты жақын туыстары арасында қосылу фактісі анықталған жоқ.
Мүдделер қайшылығы туралы мәліметтер жоқ.
3.3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
«Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі 2025 жылы келесі мемлекеттік қызметтер көрсетті:
Есепті кезеңде Бөлім, өкілетті мемлекеттік органдармен бекітілген Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетті. Барлық қызметтер Қаақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына қатаң сәйкестікте және тек www.elicense.kz, www.egov.kz, www.gov.ggk.kz порталдары арқылы электронды түрде көрсетілді.
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілеріне (тұрғын үйлер, ғимарттар, құрылыстар және т.б.) мекенжай беру бойынша мемлекеттік қызмет – объектіні ресми мекенжай деректер базасына енгізу мақсатында көрсетіледі. Құқықтарды әрі қарай ресімдеп, инженерлік желілерді қосу және мемлекеттік тізілімде пайдалану үшін жылжымайтын мүлік объектілерін нақты мекенжай бойынша сәйкестендіруді қамтамасыз ету.
Бастапқы материалдарды ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет, құрылыс нысандарын жобалауға, қайта салуға, қайта жоспарлауға және қайта жабдықтауға қажет қала құрылыстық ақпараттарды беруді қамтиды.
Жобалау құжаттамасын дұрыс әрі қауіпсіз әзірлеу үшін құрылыс салушылар мен жобалаушыларды ресми бастапқы деректермен (қала құрылыстық жоспар, топотұсірілім, инженерлік жағдайлар және т.б.) қамтамасыз ету.
Эскизді келісу бойынша мемлекеттік қызмет, құрылыс объектісін қайта салуға, қайта жоспарлауға және қайта жабдықтауға алдын ала сәулет шешімін (эскиздік жоба) қарастыру мен бекітуден тұрады.
Сәулет келбеті мен жобалық шешімдердің қала құрылыстық нормалар талаптарына, бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен қаланың сәулет стиліне сәйкестігін қамтамасыз еті.
Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) бойынша мемлекеттік қызмет, тозуын, қайта слынуына, жаңа құрылыстың салынуына немесе өзге де себептер бойынша демонтаждауға жататын ғимараттарды, құрылыстар мен имараттарды бұзу жұмыстарын жүргізуге ресми рұқсат (шешім) беруден тұрады.
Қызметтерді www.elicense.kz, www.egov.kz, www.gov.ggk.kz порталдары арқылы көрсету ашықтық пен қолжетімділікті және барлық өтініш берушілер үшін тең жағдайды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Бөлім, қызметкерлердің кәсіби дағдысын жетілдіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізду. Тақталар мен ресми ресурстардағы ақпараттардың уақытылы жаңартылуы қамтамасыз етілген, www.elicense.kz, www.egov.kz, www.gov.ggk.kz порталдарына жауапты мамандарға нұсқау берілді.
Сондай-ақ порталдық жұмыс істеуіге және электронды өтінімдер беру кезінде өтініш берушілерге қосымша кеңес беру қажеттігіне қатысты техникалық жеке кедергілер де жоқ емес. Алдағы уақытта халық пен тасымалдаушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандырып, мемлекеттік қызметтерді электронды форматта көрсету мәселесі бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарлауда.
3.4. Рұқсат беру және бақылау функцияларын іске асыру
Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы саласын реттеу мәселесі бойынша әкімдік қабылдайтын шешімдердің заңдылығы тұқсақты түрде бақыланады. Осуществляется постоянный контроль законности решений, принимаемых акиматом по вопросам регулирования в сфере архитектуры и градостроительства города Балхаш. Бөлім қызметкерлерінің атына түскен жағымсыз жарияланымдарға қатысты әлеуметтік желілердің мониторингі жүргізіліп отырады — 2025 жылы бұзушылықтар орын алған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында:
«Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Бөлім ережесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған ұйымдастырушылық, құқықтық және алдын алу шаралары ашықтықтың тиісті деңгейін қамтамасыз етуде және шешім қабылдау барысында субъективті амалдар жасау мүмкіндігін болдымайды, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты еркетуде ықпал етеді.
«Теміртау қаласының
сәулет және қала құрылысы
бөлімі» ММ-нің
басшысы Г.Күсенова