Меню

Страницы

Статья

Бас жоспарлар

Ағымдағы жылы ауданның 18 ауылдық елді мекендерін, атап айтқанда Қоянды, Сельстрой, Шоқай, Русская Ивановка, Ахметауыл, Қутұмсық, Крещеновка, Коллективное, Святогоровка, Чапаево, Қарасу, Комсомольское, Топан, Құрқопа, Роднички, Қызылтас, Басқорық, Жуантөбе ауылдарын салудың оңайлатылған схемаларын əзірлеуге 12,9 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, ауданда газ құбырын салу жұмыстары жүргізілуде. Газдандыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде «Қарағанды облысының энергетика жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ жəне «КАТЭК» ЖШС ауданның барлық ауылдық елді мекендерін қамту үшін қажетті қуатты есептеумен Осакаровка кентін газбен жабдықтауды жобалауды аяқтады. Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптамадан сəтті өтті. Жобалық-сметалық құжаттамаға сəйкес жобаның құны шамамен 7 млрд. теңгені құрайды. Бюджеттік қаражат бөлінгеннен кейін Осакаровка кентінің газ тарату желілерін салу үшін мердігер ұйымды анықтау үшін тендер өткізу мүмкін болады. Бұл жоба құрылыстың екі кезегін қарастырады. Бірінші кезек қолданыстағы құрылыс ауданын қамтиды, ол 5 іске қосу кешеніне бөлінген. Екіншісі-жоспарланған құрылыс аумағына газ тарату желілерін жеткізу. Үйге тікелей жеткізуді жобалау аумақты игергеннен кейін жүзеге асырылады.

Дата публикации
06 сентября 2021
Дата обновления
06 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
06 сентября 2021
Бас жоспарлар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы