ХАБАРЛАНДЫРУ қоғамдық талқылаулар өткізу туралы. Ақбұлақ ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен үйлестірілген бас жоспарын әзірлеу (түзету)

ХАБАРЛАНДЫРУ

қоғамдық талқылаулар өткізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №213 бұйрығымен бекітілген елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларының талаптарына сәйкес, «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен үйлестірілген бас жоспарын әзірлеу (түзету)» жобасы бойынша қоғамдық талқылау өткізілетіні туралы хабарлаймыз.

Жобаның тапсырыс берушісі: «Осакаров ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Хайрулла Байгабылова көшесі, 48-үй;

БСН: 060140011475;

Тел.: 8 (705) 979 1943, факс: (72149) 24035;

Электрондық пошта: arc_osk_krg2024@mail.ru

Бөлім басшысы: Сулейменов Данияр Омиртаевич.

Іске асыру аумағы: Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Ақбұлақ ауылы, Гагарина көшесі, ғимарат 8.

Қоғамдық талқылаулар өткізу нысаны: көзбе-көз (офлайн).

Өткізу күні мен уақыты: «24» қыркүйек 2026 жыл, сағат 11:00.

Өткізу орны: Қарағанды облысы, Осакаров ауданыны, Озерное ауылы, Абай көшесі, 12 ғимарат

Қосымша ақпаратты жоғарыда көрсетілген тапсырыс берушінің байланыс деректері арқылы ала аласыз.

Жобалық материалдар ««Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен үйлестірілген бас жоспарын әзірлеу (түзету)» жобасы бойынша келесі сілтеме арқылы орналастырылған:

 

«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен үйлестірілген бас жоспарын әзірлеу (түзету)»
Дата публикации
03 сентября 2026