Скрининг нәтижелерін тапсыру туралы хабарландыру (Ералы; Озерное)

Әсер ету скринингін қарау туралы

хабарландыру 

 

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:

— Құжаттың негізгі бағыттары және оны іске асыру мерзімдері туралы ақпаратты қамтитын «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ералы ауылының топографиялық-геодезиялық ізденістер жүргізе отырып, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен үйлестірілген бас жоспарды әзірлеу (түзету) (бас жоспардың жеңілдетілген нұсқасы)» және «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озёрное ауылының топографиялық-геодезиялық ізденістер жүргізе отырып, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен үйлестірілген бас жоспарды әзірлеу (түзету) (бас жоспардың жеңілдетілген нұсқасы)» Құжатының жобасы;

— «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ералы ауылының топографиялық-геодезиялық ізденістер жүргізе отырып, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен үйлестірілген бас жоспарды әзірлеу (түзету) (бас жоспардың жеңілдетілген нұсқасы)» және «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озёрное ауылының топографиялық-геодезиялық ізденістер жүргізе отырып, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен үйлестірілген бас жоспарды әзірлеу (түзету) (бас жоспардың жеңілдетілген нұсқасы)» Құжатын іске асыру жоспарланатын аумақтың сипаттамасы;

— «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ералы ауылының топографиялық-геодезиялық ізденістер жүргізе отырып, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен үйлестірілген бас жоспарды әзірлеу (түзету) (бас жоспардың жеңілдетілген нұсқасы)» және «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озёрное ауылының топографиялық-геодезиялық ізденістер жүргізе отырып, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен үйлестірілген бас жоспарды әзірлеу (түзету) (бас жоспардың жеңілдетілген нұсқасы)» Құжатын іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына әлеуетті әсер етудің жалпы сипаттамасы.

 

СЭБ материалдарын әзірлеуші: ПК «Архитектурно-градостроительный центр города Темиртау».

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Осакаров ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

  • жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2042 жыл.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімдерді өткізу мерзімі: 2026 жылғы 19 маусымнан 2 шілдеге дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 2 шілде).

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі - Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел.: 8 (7172) 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, f.tolegen@ecogeo.gov.kz.

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:

- электронды түрде Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);

- e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz.

 

СЭБ бойынша  материалдар:

-Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);

Дата публикации
18 июня 2026