GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Бөлім туралы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
21 октября 2026
«Жаңғақ пен ағаштан жаңғырған қазақ ауылы»

 

Аққулы ауданында Республика күніне орай мектеп оқушылары арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған «Қазақ ауылының макеті» атты көрме-байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың басты ерекшелігі – қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін ауыл макеттерінің жаңғақ пен ағаш материалдарынан жасалуы. Табиғи материалдарды тиімді пайдалана отырып, оқушылар өздерінің қиялдары мен шеберліктерін, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын көрсетті.

Көрме барысында қатысушылар қазақ ауылының көрінісін, киіз үйлерді, ауылдың тұрмыс-тіршілігін және ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін өз жұмыстарында бейнелеуге тырысты. Әрбір макеттен оқушылардың ізденісі, еңбекқорлығы мен шығармашылық ойлау қабілеті айқын байқалды.

Мұндай байқаулар жас ұрпақтың бойында ұлттық мұраға деген құрметті қалыптастырып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетін тереңірек тануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар табиғи материалдардан бұйым жасау арқылы оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығы артып, экологиялық мәдениеті қалыптасады.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған бұл көрме – жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін танытып қана қоймай, туған елдің мәдени мұрасын қастерлеуге үндейтін тағылымды бастама.

Өнерлі ұрпақ – ұлттың рухани байлығы, ал ұлттық мұраға деген құрмет – ел болашағының берік негізі.

21 октября 2026
Аудан мектептеріне шығу арқылы әдістемелік талдау өткізілді

 

Білім сапасын арттыру және педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу көрсету мақсатында Аққулы ауданының білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес мектептерге шығу арқылы әдістемелік талдау күндері өткізілді.
Әдістемелік талдау аясында ауданның білім беру ұйымдарына педагогтердің кәсіби қызметіне әдістемелік қолдау көрсетілді. Мектептердегі оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы зерделеніп, білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың тиімділігіне талдау жасалды.
Мектептерге бару барысында педагогтермен кездесулер өткізіліп, сабақтарға қатысу, оқу құжаттарын зерделеу, білім алушылардың оқу жетістіктерін талдау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар педагогтерге сабақ беру әдістемесін жетілдіру, заманауи педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану, бағалау үдерісін ұйымдастыру және білім алушылардың білім сапасын арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Әдістемелік талдау барысында педагогтердің өзекті мәселелері тыңдалып, туындаған қиындықтарды шешу жолдары қарастырылды. Тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және мектептердегі әдістемелік жұмыстың сапасын жетілдіруге басымдық берілді.
Әр мектеп педагогтеріне білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелеу, педагогтерге тұрақты әдістемелік қолдау көрсету және озық тәжірибені тарату бойынша ұсыныстар беріліп, білім сапасын мектепішілік бақылау жоспары негізінде тұрақты бақылауда ұстау ұсынылды
Мектептерге шығу арқылы ұйымдастырылған әдістемелік талдау педагогтерге нақты практикалық көмек көрсетуге, білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын айқындауға және әдістемелік сүйемелдеуді күшейтуге бағытталды

18 октября 2026
ШӘЙ ҮСТІНДЕГІ ТӘРБИЕ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛАҒАТТЫ ӘҢГІМЕ

 

Бүгін Аққулы ауданында отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ата-ана мен педагог арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және ұрпақ тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыруға бағытталған тағылымы мол «Шәй үстіндегі тәрбие» форматында мазмұнды шара өтті.

Ізгілік пен өнегені, ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбиені арқау еткен кездесуге 50-ге жуық ата-ана, ата-аналар клубтарының мүшелері мен педагогтер қатысты. Шараның басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту, ата-аналардың тәрбиелік әлеуетін арттыру және тәжірибе алмасуға қолайлы орта қалыптастыру.

Қазақ халқы үшін дастарқан басындағы әңгіме – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тәрбиенің ерекше мектебі. Шәй үстінде айтылған өнегелі сөз, үлкеннің ақылы, өмірлік тәжірибесі мен жүрекжарды әңгімесі жас ұрпақтың бойына ізгі қасиеттерді сіңіруге ықпал етеді. Осы ұлттық дәстүрді заманауи тәрбие тәсілдерімен ұштастырған кездесу қатысушыларға ой бөлісуге, өзара пікір алмасуға және бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Шара барысында ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас, отбасындағы сыйластық пен түсіністік, ұлттық тәрбие, балаға қолдау көрсету және мектеппен бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығы сынды өзекті тақырыптарға басымдық берілді. Қатысушылар бала тәрбиесінде мейірімнің, жылы сөздің, шынайы қарым-қатынастың және жеке үлгінің орны ерекше екенін атап өтті.

Кездесудің маңызды бөлігі – ата-аналар клубтарының тәжірибесін таныстыруға арналды. Шара соңында әрбір ата-аналар клубы, сондай-ақ «Аққу» және «Мирас» клубтары арнайы ұйымдастырылған көрме арқылы өз жұмыстарының нәтижелерін таныстырды. Көрмеде клубтардың атқарған жұмыстары, жүзеге асырған бастамалары мен тәрбиелік бағыттағы іс-шаралары көрініс тапты. Бұл өзара тәжірибе алмасуға, тиімді жұмыс үлгілерін насихаттауға және алдағы міндеттерді айқындауға жол ашты.

Мұндай кездесулер ата-аналардың мектеп өміріне белсенді араласуына, педагогтермен өзара сенімді байланыс орнатуына және бала тәрбиесіндегі ортақ ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді. Өйткені саналы ұрпақ тәрбиелеу – тек мектептің немесе отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

«Шәй үстіндегі тәрбие» – жай ғана кездесу емес, бұл жүректерді жақындастыратын, ой бөлісуге жетелейтін, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты бекемдейтін тәрбиелік алаң.

Балаға берілетін ең үлкен тәрбие – ата-ананың өнегесі, отбасының жылуы мен қоғамның қолдауы. Осындай игі бастамалар жалғасын тауып, ұрпақ тәрбиесіндегі бірлік пен ынтымақтастықты нығайта берсін!

13 октября 2026
Табиғатқа жанашырлық — отбасынан басталады

 

Аққулы ауданы Қазантай негізгі жалпы білім беретін мектебінің оқушылары мен ата-аналары экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталған бастамаларға белсенді қатысуда.

Осындай ерекше жұмыстардың бірі — Өмірбай Мақпал мен оның балаларының бірлесіп дайындаған «Эко киім үлгілері» жобасы.

Жобаға анасы Өмірбай Мақпал және балалары Абылайхан Қайсар, Абылайхан Рамазан, Абылайхан Нарғыз, Абылайхан Нәзерке мен Абылайхан Ақерке қатысты.

Отбасы мүшелері өз шығармашылықтарын ортаға салып, экологиялық бағыттағы киім үлгілерін ұсынды. Жобаның негізгі идеясы — қалдық материалдарды тиімді пайдалану, оларға екінші өмір сыйлау және қоршаған ортаны қорғаудың маңызын насихаттау.

Бұл бастама балалардың қиялын дамытып қана қоймай, оларды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға, үнемшілдікке және еңбекқорлыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар отбасылық ынтымақтастықты нығайтып, ата-ана мен бала арасындағы шығармашылық байланысты арттырады.

«Эко киім үлгілері» — табиғатты аялауға үндейтін, отбасылық бірлік пен шығармашылықты дәріптейтін тағылымды жоба.

13 октября 2026
«Батыр мен бүркіт» — шығармашылық пен ұлттық құндылықтың үйлесімі

 

Аққулы ауданының білім беру ұйымдарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Осындай игі бастамалардың бірі — қалдық заттардан ерекше костюм жасау жобасы.

Сынып жетекшісі Кусманова Гүлмира Жұмағалиқызының жетекшілігімен оқушылар мен ата-аналар бірлесіп, қайта пайдалануға болатын материалдардан «Батыр мен бүркіт» атты ерекше костюм әзірледі.

Бұл шығармашылық жұмысты дайындауға оқушы Жексен Дамирдің анасы Олжабай Аяулым Сәкенқызы мен Мусаханов Елназардың анасы Тажиева Махаббат Рашидовна белсене атсалысты. Ата-аналардың қолдауы мен балалардың қиялы ұштасқан туынды ұлттық болмысымызды, батырлық рухты және табиғатқа деген құрметті бейнелейді.

Жобаның басты ерекшелігі — тұрмыста пайдаланылған қалдық материалдарға екінші өмір сыйлап, олардан көркем әрі мазмұнды бұйым жасауында. Бұл бастама балаларды қоршаған ортаны қорғауға, ресурстарды үнемдеуге, шығармашылықпен ойлауға және еңбекті бағалауға тәрбиелейді.

Бүгін жоба авторлары Павлодар қаласындағы «ERTIS» телеарнасына барып, өздерінің ерекше туындылары туралы сұхбат берді. Сұхбат барысында «Батыр мен бүркіт» костюмінің жасалу идеясы, оны дайындау барысы және жобаның тәрбиелік мәні туралы әңгімеледі.

Осындай бастамалар отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық мұраға құрмет, экологиялық жауапкершілік және шығармашылық ізденіс қасиеттерін қалыптастырады.

«Батыр мен бүркіт» — жай ғана костюм емес, ұлттық рухтың, отбасылық бірліктің және табиғатқа жанашырлықтың жарқын көрінісі.

13 октября 2026
«Эко wow» — шығармашылық пен экологиялық мәдениеттің үйлесімі

Аққулы ауданы Шәмші жалпы бастауыш білім беру мектебінің оқушылары мен ата-аналары қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шығармашылық бастамаларға белсенді қатысуда.

Осындай ерекше жобалардың бірі — Саттарова Айдана Бекмұратқызы мен балаларының бірлесіп дайындаған «Эко wow» атты жұмысы.

Жобаға анасы Саттарова Айдана Бекмұратқызы, 4-сынып оқушысы Серік Нұрмұхаммед Нұржанұлы және 2-сынып оқушысы Серік Алида Нұржанқызы қатысты.

Отбасы мүшелері қалдық материалдарды пайдалана отырып, ерекше шығармашылық туынды әзірледі. Жобаның басты мақсаты — пайдаланылған заттарға екінші өмір сыйлау, оларды тиімді қолдану жолдарын көрсету және табиғатты қорғаудың маңызын насихаттау.

«Эко wow» жұмысы балалардың қиялын дамытып, ізденімпаздыққа, үнемшілдікке және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді. Сонымен қатар бұл жоба ана мен баланың бірлескен еңбегін, отбасылық ынтымақтастықты және шығармашылық әлеуетті көрсетеді.

Осындай бастамалар жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғи ресурстарды бағалауға және қоршаған ортаны таза ұстауға деген жауапкершілігін қалыптастырады.

«Эко wow» — қарапайым қалдықтардың өзінен ерекше туынды жасауға болатынын дәлелдейтін шығармашылық жоба!

09 октября 2026
«Адал ұрпақ» – адалдық пен парасаттылық жолында

 

Бүгін А. Баймұлдин атындағы орта мектептің базасында Аққулы ауданының білім беру ұйымдары арасында аудандық «Адал ұрпақ» байқауы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік пен парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және азаматтық ұстанымын нығайту.

Байқауға аудан мектептерінің оқушыларынан құралған командалар қатысып, өздерінің білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және көшбасшылық қасиеттерін көрсетті. Қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында ұйымшылдықтарын, тапқырлықтарын және өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын танытты.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде командалар агитбригада өнерін көрсетіп, адалдық пен әділдік қағидаттарын насихаттады. Екінші кезеңде қатысушылар цифрлық презентация арқылы өз идеяларын ұсынып, заманауи технологияларды тиімді қолдану қабілеттерін көрсетті. Ал үшінші кезеңде командалар капитандары арасында баттл ұйымдастырылып, олардың шешендік шеберлігі, жылдам ойлау қабілеті мен өз ұстанымын дәлелдей білуі сынға түсті.

Әр кезең қатысушылардың жан-жақты дайындықтарын, шығармашылық ізденістерін және командалық жұмыс дағдыларын айқындауға мүмкіндік берді. Оқушылар өз өнерлері мен білімдерін ортаға салып, адал азамат болудың маңыздылығын терең түсінетіндіктерін көрсетті.

«Адал ұрпақ» байқауы – жас буынның бойында адамгершілік құндылықтарды орнықтырып, әділдік пен адалдықты өмірлік ұстанымға айналдыруға бағытталған маңызды тәрбиелік шара. Өйткені адалдықты ту еткен ұрпақ – ел болашағының берік негізі.

Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттырып, қоғамда адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

09 октября 2026
«ECO отбасы» – табиғатты қорғау отбасынан басталады

 

Бүгін Аққулы ауданы Б. Уахатов атындағы орта мектебінің базасында ата-аналар арасында аудандық «ECO отбасы» байқауы ұйымдастырылды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялауға деген жауапкершілікті арттыру және отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында өткен байқауға ауданның 10-нан астам отбасы қатысты.

Байқау барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, тапқырлығы мен ұйымшылдығын ортаға салды. Отбасылар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдалану бағытындағы өз идеяларын таныстырды.

Сайыс үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең – «Таныстыру» бөлімінде әр отбасы өздерін таныстырып, отбасының ерекшелігі мен экологиялық ұстанымдарын көрсетті. Екінші кезең – «Эко сән» бөлімінде қатысушылар қайта өңдеуге болатын материалдардан әзірленген ерекше киім үлгілерін ұсынып, шығармашылық шеберліктерін танытты. Ал «Эко мода» кезеңінде отбасылар экологиялық тұрғыдан тиімді әрі креативті идеяларын көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Байқау барысында ата-аналар ғана емес, отбасының барлық мүшелері белсенділік танытып, бірлесе жұмыс жасаудың үлгісін көрсетті. Қалдық заттарды қайта пайдалану арқылы жаңа дүниелер жасау – табиғатты қорғауға қосылған шағын болса да маңызды үлес екені айқын көрінді.

«ECO отбасы» байқауы – экологиялық тәрбиені отбасылық құндылықтармен ұштастырып, ата-аналар мен балалардың бірлескен шығармашылығын дамытуға мүмкіндік берген тағылымды шара болды.

Табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет. Ал экологиялық мәдениеттің негізі отбасынан басталады. Осындай іс-шаралар арқылы өскелең ұрпаққа қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, табиғи ресурстарды үнемдеу және туған жердің тазалығын сақтау құндылықтары дәріптеледі.

28 сентября 2026
«Жас психолог»: өзін тану мен өзгелерді түсінуге бастар жол

 

Аққулы ауданында оқушылардың психологиялық мәдениетін қалыптастыруға, тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған жаңа бастама — «Жас психолог» клубы өз жұмысын бастады.

Қазіргі мектеп — білім берумен қатар, баланың өзін танып, өз эмоциясын басқара білуіне, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас орнатуына және түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік беретін маңызды орта.

Осы бағытта құрылған «Жас психолог» клубы психология ғылымына қызығушылық танытатын, өзін және өзгелерді жақсырақ түсінуге ұмтылатын оқушылардың басын біріктіреді.

Клуб жұмысы тренингтер, психологиялық ойындар, практикалық жаттығулар, пікірталастар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы жүргізіледі. Сабақтар барысында оқушылардың эмоционалдық интеллектісін, қарым-қатынас мәдениетін, өзін-өзі реттеу дағдыларын, күйзеліске төзімділігін және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Сонымен қатар клуб аясында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, жанжалдарды конструктивті шешу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, құрдастарына қолдау көрсету және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мәселелері қамтылады.

«Жас психолог» атауының өзі де ерекше мәнге ие. Клуб мүшелері кәсіби психолог болуды мақсат етпейді. Керісінше, олар адам психологиясының қызықты әлеміне алғашқы қадам жасап, өз сезімдері мен эмоцияларын түсінуге, басқа адамның көңіл күйін сезінуге және өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас құруға үйренеді.

Клуб — оқушылар үшін өз ойын еркін жеткізіп, пікір алмасып, жаңа достар тауып, өзіндік қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін сенім мен қолдау кеңістігі.

Ұйымдастырушылардың басты мақсаты — психологиялық сауатты, эмоционалды тұрғыдан тұрақты, өзіне және өзгеге құрметпен қарайтын, қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдай алатын жас ұрпақты қалыптастыру.

Өйткені өзін түсіне білу — өзгені түсінудің бастауы. Ал бір-біріне қолдау көрсете білу — қауіпсіз әрі жайлы ортаның негізі.

«Жас психолог» — өзін танудан басталып, өзгелерді түсінуге жетелейтін ерекше орта!

23 сентября 2026
«БОЛАШАҚ ЗАҢГЕР» — ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖОЛЫНДА

 

Бүгін Малыбай орта мектебінің базасында «Болашақ заңгер» клубының кезекті отырысы ұйымдастырылды.

Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологемасын жүзеге асыру аясында өткізіліп, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңды құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға және жасөспірімдердің азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.

Кездесу барысында клуб мүшелері құқықтық тақырыптар бойынша өз білімдерін толықтырып, түрлі жағдаяттарды талқылады. Қатысушылардың сыни ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, құқықтық мәселелерге талдау жасау және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.

Отырыстың маңызды бөлігі дөңгелек үстел форматында өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, клуб мүшелері арасында танымдық-құқықтық викторина ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады.

Іс-шара барысында оқушылардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті жөнінде ой-пікірлер ортаға салынды.

«Болашақ заңгер» клубының жұмысы — жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың заңға деген құрметін арттыруға, жауапты азаматтық ұстанымын дамытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.

Бүгінгі жас — ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі. Сондықтан құқықты білетін, заңды құрметтейтін және өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу — ортақ міндет.

⚖️ Заңды білу — өз құқығыңды қорғау.
Заңды құрметтеу — қоғамға деген жауапкершілік!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы