|
Бастауыш, негізгі орта және |
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 04.04.2023 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.01.2024 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.04.2024 № 94 (29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)арқылы; |
|
3 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі |
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - бір жұмыс күні. |
|
4 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны |
Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде |
|
5 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері |
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта білім беру ұйымына қабылдау және оқуға қабылдау туралы хабарлама алады, құжаттардың толық емес пакетін ұсынған кезде - бас тарту себебін көрсете отырып, дәлелді бас тарту туралы хабарлама келеді. - көрсетілетін қызметті берушіге: Көрсетілетін қызметті беруші қабылдау барысында ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап өз аумағынан өтініш берген үш көрсетілетін қызметті алушыға, содан кейін - басқа аумақтан алдыңғы тіркелгендер қатарынан 1 (бір) үміткерге ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап қабылданғаны туралы хабарлама жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде (қағаз жүзінде) - ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымына қабылдағаны және оқуға қабылданғаны, құжаттардың толық емес пакетін тапсыру кезінде - бас тартудың себебін көрсете отырып, дәлелді бас тарту туралы хабарлама беріледі. |
|
6 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
- порталға: |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздеме |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
10 |
Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптары |
1)Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 (жиырма) минут. |
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін
ведомстволық
бағыныстылығына
қарамастан білім беру
ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға
қабылдау" мемлекеттік қызмет
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
қосымша
Нысан
_______________________
білім беру ұйымының атауы
_______________________
директордың ТАӘ
(болған жағдайда) кімнен
__________________
ата-ананың (заңды өкілдің)
ТАӘ (болған жағдайда)
Телефоны: _________________
|
|
|
Өтініш
Менің балам ____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда)
_______________________________________________________________________________
(елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)
_______________________________________________________________________________
тіркелген мекенжайы бойынша
_______________________________________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы) қабылдауды сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
_______________ "___" ________ 20__ жыл