«Аққулы ауданының білім беру бөлімі» ММ (бұдан әрі – білім беру бөлімі) Аққулы ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында 2025 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды.
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды:
Өтініште «мектепке дейінгі ұйымның атауы» жолында заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы куәліктің БСН және бірегей нөмірін көрсету қажет;
Басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды қабылдауды білім беру бөлімі жүзеге асырады: Аққулы ауылы., Баймолдин к-сі, 13, 2024 жылғы 2-5 желтоқсан аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) немесе lebroo@mail.kz электрондық поштасына.
Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды 2024 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) қарайды.
Аққулы ауданының білім беру бөлімі