Қосшы ауылы серіктес қала ретінде

Қосшы ауылы серіктес қала ретінде

 Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Қосшы ауылының халық санының қарқынды өсуіне байланысты осы ауылдың бас жоспарын түзету мәселесі талқыланды.

Целиноград ауданының әкімі Бахытбек Оспанбеков баяндағандай, даму перспективаларын ескере отырып, 2035 жылға қарай халық санын 50,2-ден 98,5 мың адамға дейін ұлғайту болжамы бойынша Қосшы ауылының бас жоспарына түзету енгізілуде. Оның мақсаты көп-пәтерлі және жеке тұрғын үйлер мен қоғамдық объектілер салу үшін жалпы ауданы 513 га екі жер учаскесін елді мекеннің шекарасына қосу.

Жаңа бас жоспарда "Dalurus" ЖШС жерінің аумағында орналасқан 18 га алаңда болашақ серіктес қаланың жаңа әкімшілік орталығын және қолданыстағы өндірістік аймақ аумағында 12 га алаңда жаңа мәдени-іскерлік орталығын құру көзделген. Қосымша көлік магистральдарын, қоғамдық мақсаттағы объектілерді, сондай-ақ алаңы 230 га ("Dalurus" ЖШС) және 283 га ("Халық Жоба"ЖШС) екі жаңа тұрғын аудандарды салу жоспарланған.

Негізгі бағыттардың бірі тұрғын үй құрылысының тұрақты қарқынын қамтамасыз ету және 100 га алаңда тұрғын үй қорын 2955 мың шаршы метрге дейін ұлғайту — жасыл желектер жүйесін қалыптастыру, атап айтқанда: саябақтар, шағынгүлбақтар, гүлзарлар мен жағалаулар болып табылады.

Жоба сондай-ақ жалпы білім беру және мектепке дейінгі мекемелер, денсаулық сақтау объектілері, спорт, дене шынықтыру-сауықтыру, мәдени, ғибадат мекемелері, сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, қонақ үй объектілері және т.б. желісін кеңейтуді көздейді.

Көлік легін реттеу мақсатында Hyp-Сұлтан қаласының оңтүстік-батыс айналма жолынан ("Лесная поляна" ЖММ солтүстік-батысы) елді мекенге кіреберіс екі деңгейлі жол айрығын орнату, сондай-ақ, Республика және Абай көшелерінің қиылысында тағы екі деңгейлі жол айрығының құрылысы жобаланады.

Бас жоспардың жобасы жер қатынастары басқармасымен, ТЖ, полиция департаменттерімен, Hyp-Сұлтан қаласының әкімімен және Астана әуежайымен келісілді. Екі ай мерзім ішінде облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасында кешенді сараптама өтеді.

Облыс әкімі "Dalurus", "Халық-Проект", "Ырзық-Т" ЖШС аумағында жобаланып жатқан нысандарға жататын жер учаскелерінің ауданын анықтауды тапсырды. Аталған жер пайдаланушылардың оларды ауданның мемлекеттік жер қорына өтеусіз негізде беру туралы мәселені пысықтау. Құрылыс салушылардың ЖСҚ әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру. Және Қосшы ауылының бас жоспарын түзету жобасын заңнамалық тәртіппен келісуді жүргізсін.

Сондай-ақ, Ермек Боранбайұлына Қосшы ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жүргізіліп жатқан және жақын болашақта жоспарланып отырған жұмыстар туралы баяндалды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі