Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Көкшетау қаласы үшін өзекті мәселелерді шешу бойынша кеңес өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеевтің баяндамасына сәйкес, "Ауыл — ел бесігі" арнайы жобасы аясында Красный Яр ауылының 25 км көше-жол желісіне орташа жөндеу жүргізуге 869 млн теңге бөлінді, оның ішінде 281 млн теңге игерілді және асфальтбетон жабынында анықталған ақауларға және қолданылатын жол құрылысы материалдарының сапасына байланысты 5 км жөнделді. Қаражатты толық көлемде игеру ағымдағы жылдың қазан айында жоспарланып отыр.
Бүгінде облыс бойынша 7 429 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 3 945-і жұмыспен қамту орталығы арқылы, бұл жылдық жоспардың 70,1% - ын құрайды. Көкшетау қаласы бойынша төмен көрсеткіш байқалды — 42%. 1 681 жұмыс орны ашылмағандықтан Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 875 немесе 52% Көкшетау қаласына тиесілі, сонымен қатар Көкшетау қаласында 198 жұмыс орны ашылатын үш жобаны іске асыру әлі басталған жоқ, оның ішінде 99 — жұмыспен қамту орталығы арқылы.
Облыс әкімі барлық ескертулерді жойып, Красноярдағы жолдарды жөндеу бойынша барлық қаражатты игеруді және жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде жұмыс орындарын ашу бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындауды, сондай-ақ жұмыс берушілердің "жұмыс орындарын ашудың интеграцияланған картасы" дерекқорына қызметкерлердің жеке шарттарын 100% енгізуін қамтамасыз ете отырып, үш жобаны іске асыру жөнінде шаралар қолдануды тапсырды.
Облыс әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы мәлімдегендей, Ғабдуллин көшесінің Әуезов көшесінен Ақан сері көшесіне дейінгі жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау жобасы бойынша құрылыс қарқынының баяулауы және күзгі-қысқы кезеңге дайындықтың бұзылу қаупі бар. Бұдан басқа, Көкшетау қаласындағы ТМ-2 жылу магистралінің құрылысы мен реконструкциясы бойынша материалдарды жеткізудің кідіруіне байланысты жұмыстарды орындау кестелерінен 14 күнге артта қалушылық қалыптасты, бұл да жылу беру маусымының басталуына кедергі келтіруі мүмкін.
"Күзде коронавирус инфекциясының екінші толқыны күтілуде, сонымен қатар, суық мезгілде ЖРВИ-нің жоғарылауы байқалады. Осыған байланысты жылу беру маусымын облыс орталығында ертерек бастау қажет",- деді өңір басшысы.
Сонымен қатар, Көкшетауда 276 көппәтерлі үй күрделі жөндеуді қажет етеді, 12 тұрғын үй апатты жағдайда тұр. Әдетте, шатырлар, үй ішіндегі сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау жүйелері, лифтілер мен аула аумақтары жөндеуді қажет етеді.
Өңір басшысы Көкшетау қаласының әкімдігіне 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын орындау үшін күрделі жөндеуді талап ететін КПТҮ санының жыл сайынғы өсуін ескере отырып, жөндеуді талап ететін КПТҮ үлесін азайту бойынша шаралар қолдануды тапсырды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласында барлық газды топтық резервуарлық қондырғылар қалпына келтірілмеген — барлығы 246-дан барлығы 120 бірлік.
Ермек Маржықпаев осы бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігін атап көрсетіп, лифт шаруашылығын қалпына келтіру және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды жалғастыруды тапсырды. Көкшетау қаласы бойынша қызмет ету мерзімі өткен лифтілердің саны 42 бірлікті құрайды. Тұрғын үй құрылысы бойынша облыс орталығында 10 үйді пайдалануға беру мерзімінің бұзылу қаупі бар.
Өңір басшысы Көкшетаудағы тұрғын үй құрылысының қарқынына көңілі толмайтындығын білдірді. "Тұрғын үйлерді біздің тұрғындар күтуде. Олардың ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылар бар. Үйлердің құрылысы бақылауда ұсталып, жұмыс кестесінен қалыс қалмауы керек", - деп атап өтті облыс әкімі.
Ал Көкшетау қаласындағы №№ 1, 6, 13 орта мектептерге жапсаржайлар мен Краснояр трассасы бойындағы оқу-тәрбие кешенінің құрылыс объектілерінде абаттандыру, сыртқы инженерлік желілер және ішкі әрлеу бөлігінде жұмыс жүргізу кестесінен артта қалушылық анықталды. Бұл нысандар оқу жылының басында тапсырылуы керек еді, бірақ түзетулер мен басқа да жағдайларға байланысты құрылыс ұзаққа созылды. Облыс әкімі үш жапсаржай мен ОТК салуды желтоқсан айына дейін аяқтауды қатаң түрде тапсырды.
Мемлекеттік сатып алу шеңберінде 214 жоба бойынша 18 шарт жасалмаған, оның ішінде 7 іс-шара бойынша сатып алу қайта жарияланды. Сондай-ақ, көше-жол желісін ағымдағы жөндеу бойынша қарқынының нашарлығы байқалды. Атап а йтқанда, Ақан сері көшесіндегі (Н. Назарбаев даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейінгі), Жүнісов көшесіндегі (Н. Назарбаев даңғылынан Осипенко көшесіне дейінгі), Потанин көшесіндегі (Әуезов көшесінен Жүнісов көшесіне дейінгі), Біржан сал көшесіндегі жол учаскелері туберкулезге қарсы диспансерге шығаберіс бірнеше апта бойы кесіліп, жол қозғалысы қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейді. Шұғыл шаралар қабылдау қажет.
Барлық мәселелер бойынша облыс әкімі тиісті шаралар қолдануды, ал өткізілген Мемлекеттік сатып алулар бойынша жасалған шарттарға қатысты жосықсыз мердігерлердің алдағы уақытта конкурстық рәсімдерге қатысуға жол бермеуді тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі