
Барша ақмолалықтардың атынан балуанымыз Иусуф Мациевті грек-рим күресінен Азия чемпионатындағы күміс жүлдемен құттықтаймын.
Қазақстандық балуан тартысты белдесуде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем және Азия чемпионы ирандық Мохаммадхади Саравиге есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.
Мациев Иусуф U-20 санатындағы Азия чемпионы және қола жүлдегері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Иусуфты, бапкерлерді және барша күрес жанкүйерлерін құттықтаймыз!