
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында керамикалық тас пен кiрпiш өндiретiн «Astana Ceramic» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң жұмысымен танысты.
Президентке аталған жобаға мемлекет тарапынан көрсетiлiп жатқан қолдау шаралары туралы айтылып, құрылыс материалдарын өндiру технологиясы таныстырылды.
Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңiрдегi құрылыс индустриясының дамуы және Жұмыспен қамту жол картасының жүзеге асырылуы жайында баяндады.
Мемлекет басшысы аймақтағы құрылысты сапалы салудың, барлық инфрақұрылымдық жобалар мен әлеуметтiк маңызы бар нысандарды жөндеу жұмыстарының маңыздылығын атап өттi.