Дорогие ветераны Великой Отечественной войны и труженики тыла!

Дорогие ветераны Великой Отечественной войны и труженики тыла!

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлерi және тыл еңбеккерлерi! Құрметтi ақмолалықтар!

Сiздердi Ұлы Жеңiстiң 75 жылдығымен — даңқы ешқашан көнермейтiн мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Жыл сайын осы бiр ерекшелiгi зор күнi барлық қазақстандықтарды ұрыс даласында қалған боздақтарға деген терең тағзым мен бiздiң халқымыздың ең бiр қатал, қанқұйлы соғыста көрсеткен ерлiгi мен қажырлылығы үшiн мақтаныш сезiмi бiрiктiредi.

Барлық ақмолалықтардың атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне, тылда Жеңiстi жақындатқан бүкiл аға ұрпақ өкiлдерiне батырлықтары мен ерлiктерi, бiзге сыйлаған ашық бейбiт аспан үшiн шынайы ризашылық пен шексiз алғысымды бiлдiруге рұқсат етiңiздер.

Бұл күндерi бiздiң елiмiз бүкiл дүниежүзi сияқты басынан ауыр жағдайды — коронавирус пандемиясын өткiзуде. Бiздiң облысымызда тұрғындардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында карантинге байланысты шектеу енгiзiлген. Барлық жерде көпшiлiк шаралар тоқтатылып отыр.

Алайда, Жеңiс күнi бiздiң жүрегiмiзде мәңгi сақталады. Сондықтан, бiздiң әрқайсымыздың парызымыз отандастарымыздың ұлы ерлiгiн ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзiп, мәңгi жадымызда ұстау, оны ұлы ерлiктiң, жоғары патриоттылықтың және биiк рухтың тарихы ретiнде әрдайым құрметтеу болып табылады.

Қымбатты ардагерлер!

Сiздер лайықты ұрпақ тәрбиелеп, өсiрдiңiздер. Бiзде аға ұрпақтың ерлiгiн бiлетiн, Отан қорғауды өзiнiң қасиеттi борышы деп түсiнетiн тамаша жастар өсiп келедi. Бiздiң өз батырларымыз да бар. Олар өздерiнiң ерлiктерi, төзiмдiлiктерi, еңбексүйгiштiгi және туған жерге сүйiспеншiлiктерi арқылы өздерiнiң ата-аналарынан, бабаларынан ең iзгi қасиеттердi бойларына сiңiргенiн көрсете бiлуде. Жаңа ұрпақтың бiрiншi кезектегi мiндетi — аса қымбат құндылық — адамның өмiрiмен келген бейбiт күндi, бiздiң игiлiктерiмiздi, Қазақстанның қуаттылығы мен тұтастығын сақтау үшiн бар күш-жiгердi жұмылдыру.

Құрметтi ардагерлер, сiздерге шын көңiлден рух сергектiгiн, денсаулық пен жақсылық тiлеймiн. Қайғы-мұң сiздердi айналып өтсiн, туған-туыс, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен жылылығы өмiрлерiңiзге қуаныш дарытсын. Әрбiр үйде бейбiтшiлiк пен келiсiм болсын!