Құрметті әскери қызметшілер және облыс тұрғындары!

Құрметті әскери қызметшілер және облыс тұрғындары!

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметтi әскери қызметшiлер және облыс тұрғындары!

Сiздердi бүгiнгi Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылары күнiмен құттықтаймын! Отанды қорғау қай заманда да бiздiң елiмiздiң азаматтарының қасиеттi борышы болып келдi. Тарихта елiн, туған жерiн қорғаған батырлар туралы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып айтылып келе жатқан аңыздар мен эпостар аз сақталмаған.

Биылғы елiмiзде орын алып отырған төтенше жағдайлар кезiндегi Отан қорғаушылар күнi мерекесiн тойлаудың өзiндiк ерекшелiгi бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери мiндеттi азаматтар жергiлiктi аумақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында арнайы жиындарға шақырылды. Адамдардың денсаулығын сақтауға, әлеуметтiк қамтылуын қорғауды қамтамасыз етуге медициналық қызметкерлер, құқық қорғау органы мен коммуналдық қызмет өкiлдерi, ерiктiлер тартылды.

Бүгiн бiз елiмiздiң игiлiгi үшiн қызмет етiп жүрген барлық азаматтарға, әсiресе, Отан алдындағы мiндетiн орындаудың үлгiсi болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерiне және түрлi соғыс ошақтарында әскери мiндетiн атқарғандарға үлкен құрметiмiздi бiлдiремiз.

Қазiр Отан үшiн от кешкен майдангерлердiң немерелерi мен шөберелерi аға ұрпақ өкiлдерiнiң ерлiк iстерiн одан әрi жалғастырып, елiмiздiң қорғаныш қуатын арттыруға қызмет iстеп жүр.

Қазақстандық армия ерiк-жiгерiн, үлгiлi тәртiбiн және басқа да адами жақсы қасиеттерiн бойында жинақтаған ержүрек жандарды бiрiктiрiп отыр. Бiздiң әскерiмiз жоғары деңгейдегi дайындығымен, сапалы резервтiк құрамымен, әскери бiлiм беретiн оқу жүйесiмен және мықты материалдық-техникалық базасымен ерекшеленедi.

Қадiрлi жерлестер! Баршаңызға мықты денсаулық, ашық аспан және игiлiк тiлеймiн! Бүгiнгi ерлiк пен отансүйгiштiктiң мерекесi әрдайым сiздерге бейбiтшiлiк пен қуаныш әкелсiн!