
Ақмолалық әлем біріншілігін екінші рет жеңіп алды, онда 80 елден келген спортшылар өнер көрсетті.
Біріккен Араб Әмірліктерінде, Дубай қаласында парапауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтуде. Тұғырға 80 елдің 600-ден астам өкілі шықты.
ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Ақмола облысының спортшысы Давид Дегтярев ұлттық құрама сапында 54 кг салмақ дәрежесінде тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Колесниковтың айтуынша, Давид салмағы 180 кг штанганы көтеріп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.