Ермек Маржықпаев инвесторлармен кездесті

Ермек Маржықпаев инвесторлармен кездесті

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаевтың «Транстелеком» АҚ Басқармасының төрағасы Жанболат Надыровпен кездесуiнде бiрнеше маңызды мәселелер талқыланды.

Анықталғанындай, компаниямен ынтымақтастық перспективаларының берерi көп: «Транстелеком» бүгiнгi таңда елiмiздегi телекоммуникация, цифрландыру мен IT саласын интеграциялау жүйесiнiң, байланыс, автоматтандыру және энергетика қызметтердiң кең спекторын көрсететiн мамандандырылған iрi байланыс операторларының бiрi ғана емес. Жанболат Надыровтың айтуынша, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде АҚ заманауи технологияларды пайдалана отырып ауылдардың, соның iшiнде бiздiң облысымыздың елдi мекендерiнiң кең жолақты интернетке қолжемдiлiгiн қамтамасыз етуге өз үлесiн қосып келедi. «Транстелеком» абоненттерiнiң арасында өңiрiмiздiң кейбiр елдi мекендерiнiң тұрғындары да бар. Сонымен қатар, кәсiпорынның талдау орталығына қосылған бейнебақылау жүйесiн орнататын ресурстары бар. Кездесу барысында Көкшетау қаласы мен Қосшы ауылын цифрландыру бойынша ынтымақтастық мүмкiндiгi қарастырылды.

Сонымен қатар, компания темiр жол инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы салаларында да жобаларды сәттi iске асыруда. Атап айтқанда оның облыс орталығынан Омбы қаласына дейiнгi темiр жол учаскесiн реконструкциялау қызметi туралы сөз болды — стратегиялық маңызы бар жоба жүк тасымалдау көлемiн айтарлықтай арттырар едi. «Транстелеком» АҚ-ның Көкшетау қаласында көтерме-бөлшек сауда орталығының құрылысына қаржы салуға мүмкiндiгi бар. Компанияның облыстың агроөнеркәсiп кешенi саласына инвестицияларына келетiн болсақ, Бiржан сал ауданында картоп өсiрумен және мал шаруашылығымен айналысатын «Жукей Агро» ЖШС жұмыс iстейдi. Осы шаруашылықты дамыту мүмкiндiктерi туралы айтылды.