
Өңiрде өнеркәсiп кәсiпорындары, қаржы секторының ұйымдары және автосервистер санитариялық нормаларды сақтай отырып жұмыстарын iстей бастады, саяжай иелерi өз учаскелерiне бара алады. Ал астана маңында қатаң карантин сақталып отыр. ӨЖШ кезектi отырысында осылар белгiлi болды.
«Кейбiр ұйымдар қатаң санитариялық-дезинфекциялық нормаларды сақтай отырып жұмыстарын бастайды. Олардың iшiнде 3,5 мыңға жуық адам жұмыс iстейтiн 55 өнеркәсiп кәсiпорыны, 100-ден аса жұмысшысы бар тоғыз асфальтбетон зауыты бар. Шектеу шараларын жеңiлдетудiң арқасында 150 объектiде құрылыс қарқыны жандандырылады, оларда 4 мыңнан аса адам жұмыс iстейдi. 120 құрылыс дүкендерi ашылады. Жеңiлдек қосалқы ұйымдарды, солардың iшiнде ТҚКС, шиномонтаж шеберханаларын және тағы басқа да техникалық қызмет көрсету ұйымдарын қамтиды. Қоғамдық көлiк қрзғалысына шектеу әлi қала бередi. 17 екiншi деңгей банктерi өз жұмыстарын қайта бастайды. Барлығы 37 мың ақмолалықтар әртүрлi салаларда өз жұмыс орындарына қайта оралады», — дедi облыс әкiмi.
Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкiмдерiне балалар мен аула алаңдарында санитариялық нормаларды қатаң сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды. Жақындап келе жатқан мамыр мерекелерiн де ұмытуға болмайды, оның iшiнде ең бастығы — Жеңiс күнi. Бұл күндерi бiрде-бiр Ұлы Отан соғысына қатысушы назардан тыс қалмауы керек.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Iлиясов өңiрдегi жағдай тұрақты, ауруға шалдыққандар саны өсуi көп емес екенiн баяндады.
Ермек Маржықпаев облыстық денсаулық сақтау басқармасына медицина қызметерлерiне дәрi-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын (iндетке қарсы костюмдер, респираторлар) жеткiзудi бақылауда ұстауды тапсырды. Өңiрде жақында ашылған COVID-19 ауруын анықтау жөнiндегi зертхана жұмысы талқыланды, олар қазiрдiң өзiнде тәуекел тобына жататын ақмолалықтарда инфекцияны анықтау бойынша жетi мыңнан аса тест өткiзген. Облыс халқын скринингтiк тексеру жалғастырылуда.