
«Астана төңiрегiнде азық-түлiк белдеуiнiң шеңберiнде Ақмола облысы елордаға ет өнiмiн жеткiзу көлемiн 1,8%-ға (7,2 мың тонна), сүт өнiмдерiн 1,7%-ға (14,3 мың тонна), жұмыртқаны 3,2%-ға (до 67,2 млн. дана) ұлғайтты. Облыста ет өндiрiсi 32,8%-ға, шұжық өнiмдерi 1,2%-ға, ұн 22,3%-ға, өңделген сүт 8,1%-ға, өсiмдiк майы 36,6%-ға артты. Ол туралы әкiмдiк отырысында экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев айтып бердi» — деп хабарлайды Ақмола облысы әкiмiнiң баспасөз қызметi.
Бұл ретте, облыс бойынша тамақ өнiмдерiне тұтынушылық баға индексi 101,8% құрады. Баға картопқа (20,5%), қантқа (11,6%), қырыққабатқа (8,3%), сәбiзге (9%), сиыр етiне (8,1%), басты пиязға (5,4%), 1-сорт нанға (3,2%), рожкиге (3%), қарақұмық жармасына (2,4%), сары майға (2,3%) өстi. Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына құнсыздану деңгейi 102,6% құрады (ҚР бойынша — 8-орын).
Ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң нақтылы көлем индексi 104% — 38 млрд. теңгенi құрады, ҚР бойынша 5-орын. Көктемгi-дала жұмыстарын жүргiзуге облыс үшiн Үкiметпен 68 мың тонна көлемiнде кепiлдiк берiлген дизель жанар-жағар майы бөлiндi.
«Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу жұмысын жалғастыру қажет. Сондай-ақ, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтiк қолдаумен, сонымен қатар АӘК төлеумен толық қамтуды қамтамасыз етуге де қатысы бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына аудандар мен қалалардың әкiмдiктерiмен бiрлесiп, ана мен сәби өлiм-жiтiмiн төмендетудi, медициналық мекемелердi цифрландырумен қамтуды ұлайтуды, онкологиялық және басқа да аурулардың ерте анықталуын қамтамасыз етудi, ең алдымен дәрiгер кадрларына деген тапшылықты төмендетудi тапсырамын», — деп қорытындылады Ермек Маржықпаев.