
Көкшетау қаласында 20 сәуiрден бастап елде алғашқылардың бiрi болып ПЦР-зертхана iске қосылатын болады, онда әрбiр ниет бiлдiрген адам коронавирус инфекциясына тест тапсыра алады. Қала бойынша жұмыс сапарының барысында Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев зертхананың пациенттердi қабылдауға дайындығын өзi барып көрiп шықты.
Медицина қызметкерлерiнiң айтуы бойынша, бұл көптеген қателiктерге жол беретiн экспресс-тест емес. Бұл тестiлер ДНК-мен «жұмыс iстейдi». Зертханада 1 (бiр) мың тест бар, дүйсенбi тағы 6,5 мыңы келедi. Нәтижесiн тосу уақыты — бiр тәулiк. Бұл жерде 5 адам жұмыс iстейдi, персоналдың инфекция жұқтыруы мүмкiн емес, себебi материал тек терезе арқылы ғана берiледi. Ғимаратта арнайы желдеткiш қарастырылған. Зертхана өзiнiң алғашқы пациенттерiн 20 сәуiрде қабылдай бастайды. Бiр күн iшiнде 200 тест орындалады.
«Жаңа зертханада нақтылы уақыт режимiнде ПЦР тәсiлiмен коронавирусты диагностикалау бойынша зерттеу жүргiзiлетiн болады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының және Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қолдауымен жаңа ПЦР-зертхана көпбейiндi балалар ауруханасында орналастырылды. Инвестициялау шаммен 100 млн.теңгенi құрады. Бiздiң облысымызда кез келген адам коронавирус инфекциясына тексерiле алады» — деп атап өттi «Мырза-хан» ЖШС Ақмола және Солтүстiк Қазақстан филиалдарының директоры Әсет Бекбосынов.
Өңiр басшысы тағы бiр модульдiк фармзертханада болды. Модуль 1 қабатты, 6 кабинет, материалды жинау үшiн 3 терезе бар және Әуезов көшесi, 210 мекенжайы бойынша «Дивера» МЦ аумағында орналасқан. Бұл жерде дәрiгерлердiң айтуы бойынша Денсаулық сақтау министрлiгiнiң сайтында тiркелгендерге қызмет көрсетiледi және анализдерiн коронавирус инфекциясына, сондай-ақ басқа да аурулар бойынша да тапсыруға болады. Мысалы, приборларды белгiлi бiр гепатитке, зәр-жыныстық инфекцияға және т.б. баптауға болады.
«Бiздiң Макинск құс фабрикамыз заманауи мобильдi зертхананы сыйға тартты. Бұл бүгiнгi таңда үлкен қолдау, сонымен қатар фабрика әрқайсысы 2300 теңге тұратын, 23 млн.теңге жалпы сомасына 10 мың тест сыйлады. Ендi ақмолалықтар нақтылы уақыт режимiнде қажеттi анализ тапсыра алады және осының барлығы бiздiң әрiптестерiмiздiң жомарттылығының жарқын көрiнiсi», — дедi облыс әкiмi.
Ақмола облысы әкiмiнiң баспасөз қызметi
Фото Берiк Ескеновтiкi