
Карантиннiң алғашқы күнi облыс орталығы бойынша жұмыс сапарының шеңберiнде Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Көкшетау қ. әкiмдiгiнiң ғимаратындағы call-орталықта және блок-постыларда болды.
Көкшетау қ. әкiмдiгiнде өңiр басшысы елде төтенше жағдайдың енгiзiлуiне байланысты ашылған call-орталығының жұмысымен танысты. Жұмыс тәулiк бойына ұйымдастырылды, мамандар ауысып жұмыс iстейдi. Қызметкерлердiң айтуы бойынша қоңырау шалулар саны көбейген.
«Кеше шамамен 90 рет қоңырау шалынды. Негiзiнен, қалаға кiрумен және одан шығумен, мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту, бағамен байланысты мәселелер көтерiлген, зейнеткерлер қоңырау соғуда» — деп атап өттi мамандар.
Сall-орталығының жұмысы қала тұрғындарына үйлерiнен шықпастан өздерiн алаңдататын сұрақтарына жауап алуына мүмкiндiк бередi. Бiлiм беруге қатысты мәселелерден басқа, халықты кәсiпкерлiк, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары қызықтырады. Қоңырау шалуларды қабылдауды call-орталығының 5 қызметкерi жүзеге асырады. Сұраққа жауап алу үшiн, дүйсенбi-сенбi күндерi сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн 25-20-25 телефон нөмiрiн теру және оператормен байланысу жеткiлiктi.
«Карантиндiк шектеу шаралары орын алған жағдайға байланысты енгiзiлдi. Өкiнiшке орай, коронавирус инфекциясының таралу географиясы кеңейiп келедi, ол бiздiң қалаға дейiн жеттi. Сондықтан, Көкшетау қ. әрбiр тұрғыны өз алдында, отбасы мен қоғам алдында жауапты болуға мiндеттi. Халық алдында тұрған бiр ғана өтiнiш бар, ол: көшеде, қоғамдық орындарда аз болу, қарым-қатынасқа барынша аз түсу, өзiн-өзi оқшаулау режимi. Сол үшiн де call-орталығы ашылды, барлық деңгейлерде қашықтықтан оқыту, онлайн-сауда және тауарды жеткiзу енгiзiлдi, көптеген мәселелердiң шешiмi қарым-қатынасқа түсусiз тұйықталды. Бұл жұмыста немқұрайлық болмауы тиiс! Өтiнiш бiлдiргеннiң әрқайсысын тыңдау, мәселенiң мәнiн ұғыну және оны шешуге көмектесу, жауапты тұлғаларға жеткiзу қажет», — деп атап өттi Ермек Маржықпаев.
Сондай-ақ, облыс әкiмi Жедел басқару орталығының базасында наурыз айының ортасында құрылған ахуалды штаб жұмысымен танысты. Бұл жерге блок-постылардан барлық ақпарат келiп түсiп өңделедi. Ауыссыммен қызмет атқаратын полиция қызметкерлерi on-line форматында облыс бойынша көлiктiң қозғалысы, сондай-ақ ауруларды әкеле жатқан көлiк туралы объективтi ақпаратқа және басқа да деректерге ие болады. Осы жерге күнiне 150-ден 200-ге дейiн қоңырау шалынады. 109 қысқа нөмiрiмен немесе үйреншiктi қалалық 29-90-23 нөмiрiмен хабарласуға болады.
Өңiр басшысы еңбегiне тиiсiнше төлем жүргiзiлетiнiн атап өтiп, полиция қызметкерлерiнiң жұмысымен танысты.
Одан кейiн, облыс әкiмi блок-постылардың жұмысымен танысты. Ол жерде, коронавирус инфекциясымен күресудiң стратегиялық объектiлерiнде құқық қорғау органдарының қызметкерлерi және санитар дәрiгерлер жұмыс iстейдi. Өңiр басшысы стационарлық блок-постылардың жағдайымен және жабдықталуымен танысты, патрульдiк полиция қызметкерлерiнiң өтiнiштерiне қызығушылық танытты.
Өңiр басшысы «Көкшетау — Петропавловск» автожолы және Солтүстiк Қазақстан мен Ақмола облысының шекарасында орналасқан екi блок-постының жұмысына баға бердi, ал Көкшетау қаласының айналасында олар — 12. Оның әрқайсысында патрульдiк полицияның 13 қызметкерi мен 2 санитар дәрiгер қызмет атқарады, олардың барлығы нақтылы уақыт режимiнде ахуалды орталықпен өзара әрекет етедi. Автокөлiк кептелiсi жоқ, әрбiр көлiктi тексеруге шамамен 1 минут кетедi. Мәлiметтерi планшетте тексерiлiп, сол сәтте деректер базасына енгiзiледi. Транзиттiк өтетiн автокөлiктерге арнайы талон берiледi (оны шыға берiсте блок-постыға тапсырады), қозғалу маршруты қаладан шыққанға дейiн бақыланады. Термометриясыз және сауалнама толтырусыз, бiрде-бiр автокөлiк қалаға кiре алмайды немесе одан шыға алмайды.
«Бұл жерде өте қарапайым, алайда бәрi бар. Элект энергиясы тұрақсыз, алайда ол шешiлетiн мәселе. Ең бастысы, бiз бiрге болуымыз және ортақ iсiмiзде бiр-бiрiмiзге көмектесуге дайын болуымыз тиiс. Барлығы ашық болуы тиiс. Ең басты мiндетiмiз: жеңiл жеке меншiк автокөлiк қозғалысын шектеу. Дегенмен де, қабылданған шектеу шаралары жағдайында ауыл шаруашылығы техникасын және құрылыс материалдарымен және тамақ өнiмдерiмен автокөлiктiң өтуiн қамтамасыз ету керек. Карантиндiк iс-шаралар көктемгi-егiн егу жұмыстарына кедергi келтiрмеуi және алдағы күзде өтетiн Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық форумына салынып жатқан объектiлердi iске қосу мерзiмдерiн бұзбауы тиiс.». — деп қорытындылады Ермек Маржықпаев.
«Көкшетау — Рузаевка», «Көкшетау-Омбы», «Айналма жол бойындағы Есiл жанар-жағармай құю станциясы», «Қарасай шоссесi 7 км», «Симферопольское к. КТИ полигоны», «Красный яр а. кiреберiс», «Нұр-Сұлтан-Көкшетау», «Көкшетау-Зерендi», «Қызыл жұлдыз а. кiреберiс» және т.б. сияқты бағыттар бойынша да блок-постылар қойылды.
Көкшетау қ. шекараларында 12 блок-пост, облыс бойынша барлығы шамамен 50 блок-пост қойылғанын атап өтемiз.