Көкшетауда ҚХА 25 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған «Бір ел – бір тағдыр» облыстық форумы өтті

Көкшетауда ҚХА 25 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған «Бір ел – бір тағдыр» облыстық форумы өтті

Облыс әкiмi, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Ермек Маржықпаев форум қатысушыларын мемлекеттiк тiлде қарсы алған Көкшетау қ. «Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң» оқушыларына жылы лебiзiн бiлдiрдi.

«Тiлдердi бiлу — ол жетiстiк, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгеру, қазақстандық барлық ұлт өкiлдерiн бiрiктiретiн фактордың бiрi болуы тиiс» — деп атап өттi өңiр басшысы.

Ол өзiнiң сөзiнде мемлекеттiк тiл жалпы қазақстандық сәйкестiлiктi қалыптастыру үдерiсiндегi маңызды фактор екенiн бiрнеше рет атап өттi.

«Қазақстан халқының Ассамблеясы бiздiң елiмiздiң полиэтникалық болғаны факторлы тәуекел емес, ол мықты мемлекеттiк ресурсқа айналуында маңызды рөл атқарды.

Бүгiнгi таңда, ҚХАА саны мыңнан астам адамды құрайды. Олар облысымыздың дамуына зор үлес қосқан өңiрдегi белгiлi адамдар.

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырудағы белсендi азаматтық көзқарасының нәтижесiнде, туған өлкеге деген қамқорлықтан нақтылы патриотизм көрiнiс бередi», — деп атап өттi облыс әкiмi.

Ермек Маржықпаев өткен жылы ғана бизнестiң үздiк өкiлдерi 5 млрд.теңгеден астам қаражатқа жерлестерiне көмек көрсеткенi жөнiнде деректер келтiрдi. Мектептер мен жолдар жөнделдi, жаңа клубтар мемлекетке, адамдардың пайдалануына тегiн берiлуде.

«Бұл — бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi», — дедi облыс әкiмi.

Ермек Маржықпаев, өткен жылы «Мейiрiмдiлiк керуенi» шеңберiнде жүзден астам акция өткiзiлгенiн атап өттi, олардың барысында мұқтаж адамдарға 50 млн.теңгеден астам сомаға көмек көрсетiлдi.

«Барлық ақмолалықтарға көрсеткен қайырымдылығы, немқұрайсыздығы үшiн алғысымды бiлдiремiн. Жақынына, туған өлкеге, әл-жуас адамға деген мейiрiмiне, тарихи өткенге, аға ұрпаққа құрмет көрсету, отбасылық құндылықтарды сақтау — бiздiң қоғамымыз нық тұрған тiрек», — деп атап өттi өңiр басшысы.

Бұл қасиеттердiң бiздiң жалпықазақстандық құндылық екенi туралы форумда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесi Болат Жанәдiлов, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Аслан Әбутәлiпов те атап өттi.

Iс-шара соңында ҚР Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен «Қазақ тiлi мен мәдениетi» ҚБ төрағасы Мейрамбек Қиықов және «Бiрлiк» ҚХА медалiмен ҚХАА жанындағы аналар кеңесiнiң төрайымы Зере Қиықова наградталды.

Сондай-ақ, өңiрдiң қоғамдық-саяси және мәдени өмiрiне белсендi қатысқан ҚХАА мүшелерiне облыс әкiмi Ермек Маржықпаевтың алғыс хаты табыс етiлдi.