
Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Шортанды ауданына жұмыс сапарының шеңберiнде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңа салынған 36 пәтерлi тұрғын үйде болды. Келесi аптадан бастап көпбалалы отбасыларға 24 пәтер, әлеуметтiк осал топтарға жататын тұрғындарға 12 пәтер тапсыру жоспарланып отыр. Тұрғын үй жалға алып пайдалану үшiн берiледi.
Шортанды ауданы құрылыс бөлiмiнiң басшысы Владимир Риб 4 қабатты үйдiң құрылысы 2019 жылдың сәуiрiнде басталып желтоқсан айында аяқталғанын айтты. Объектiнiң құны 236 млн. теңге құрады. Пәтерлер таза әктелiп тапсырылады.
Айта кетейiк, ағымдағы жылы екiншi 36 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысын салу жоспарланып отыр, онда да пәтерлер көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтiк осал топтарына берiлетiн болады. Осылайша, екiншi үй тапсырылғаннан кейiн Шортанды кентiндегi барлық 47 көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.
Өңiр басшысы объектi құрылысының жақсы сапасына назар аударып, ауданда құрылыс саласын, соның iшiнде жеке тұрғын үй құрылысын салу шеңберiнде, бұдан әрi дамыту қажеттiгiне көңiл аударды.
Шортанды ауданының әкiмi Гайдар Қасеновтiң айтуынша, жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер учаскесiн бөлуге 1400 адам кезекте тұр. Жуыр арада Шортанды кентiнде 807 учаске бөлу жоспарланып отыр. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылады.
Одан әрi Ермек Маржықпаев «Полимер-Пласт» ЖШС-де болды. Кәсiпорынның қуаттылығы жылына 1200 тонна, полиэтилен өнiмдер өндiредi. Мұнда облыс әкiмi жергiлiктi атқарушы органдар шағын және орта бизнестi қолдап отыруы қажеттiгiн айтты және кәсiпорынға дайын өнiмiн экспорттау бөлiгiнде көмек көрсету мүмкiндiгiн қарастыруды тапсырды.
Келесi аралап көру объектiсi Төңкерiс ауылындағы 140 орындық жаңа балабақша құрылысы болды. Жобаның құны — 562,8 млн. теңге. Жалпы ауданы 2784,70 м2 және пайдалы ауданы 2556,70 м2 2 қабатты ғимарат салынады. Объектiнi шамамен ағымдағы жылғы желтоқсанда тапсыру жоспарланып отыр.
Құрылыс алаңында болған өңiр басшысы жаңа мектепке дейiнгi мекеменi сапалы және мерзiмiнде салу қажеттiгiне көңiл бөлдi.
Облыс әкiмi Бозайғыр орта мектебiнде болды, онда 633 бала екi ауысымда оқиды, соның iшiнде 49-ы — мектеп алды тәрбиленушiлерi. 2019 жылы ғимаратқа 164 млн. теңгеге күрделi жөндеу жасалды: жұмсақ төбесiнiң орнына шатыр жабылды, жылу, электр жүйелерi, есiктерi, терезелерi мен едендерi толық ауыстырылды.
Мұнда өңiр басшысы балалардың спорт секцияларына қатысуының белсендiлiгiн айта келе, бiлiм беру сапасын арттырудың маңыздылығына назар аудартты.
«Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы мен Қазақстан Республикасының Президентi Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауларымен өткен жылы ауыл мектептерiн күрделi жөндеу бойынша қомақты жұмыстар басталды. Осы мақсаттарға 2 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлiндi.
Бiз барлық жұмыстарды сапалы жүргiзуiмiз керек. Бұл мектепте қазiр жылы, бiрақ спорт залында салқын, тағы қарастырып орынжайды қымтау қажет», — дедi өңiр басшысы.
170 оқушы оқитын Бозайғыр ауылының мектеп-колледжiнде, облыс әкiмi тәрбиеленушiлермен кездестi, балалардан осында оқу қызық па деп сұрады, практикаға қайда баратындарын, әскерге бару жоспарларында бар ма, басқа аудандардан келген тәрбиеленушiлер ма деп сұрады. Ермек Маржықпаев студенттерге сәттiлiк және бiлiм алу жолында жаңа жетiстiктер тiледi.
Өңiр басшысы жүргiзiлiп жатқан дуалдық оқыту шарттарымен танысты және неге жобалық қуаттылығы 445 орындық колледжде 170 студент оқиды деп сұрады. Бiлiм басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы В. Гамазовтың айтуынша, аудандағы шағын жинақталған мектептердi ескере отырып 8-11 сыныптарда балаларды интернатқа қабылдау ұсынылады, ЖОО-ларға түскiсi келетiн балаларға орта бiлiмi туралы аттестаттар берiледi. Немесе оқушылар колледжде қалып қысқа бағдарлама бойынша орта-арнайы бiлiмi туралы дипломдар алады.
Облыс әкiмi осы мәселе бойынша жоғары сынып оқушыларының ата-аналарымен түсiнiктеме беру жұмыстарын жүргiзу қажеттiгiне назар аударды. Сонымен қатар, облыс мектептерi мен колледждерi бойынша объектiлерге күрделi жөндеу жасау мен тәртiпке келтiрудiң мақсатқа сайлығы мәселесi шешiлiп жатқанын жеткiздi.
«Мемлекет көптеген мәселелердi шешiп жатыр, соның iшiнде бiлiм беру мекемелерiн күтiп ұстау бойынша. Бiз, өз кезегiмiзде оқу орнына бюджеттiк қаржыны жұмсау перспективасы бойынша дұрыс шешiм қабылдауымыз керек. Бiз мектептердегi оқушылар санының жылдық өсiмiне талдау жасаймыз. Колледждер бойынша да солай, егер мекеме тартымды, мамандықтар сұранысқа ие болса және оқушылар саны бойынша толық жүктелсе бiз ондай колледждердi қолдаймыз. Өкiнiшке орай бiздiң өңiрiмiзде бiраз шағын жинақталған мектептер бар, сонымен қатар облыс колледждерiнiң 30%-ға жуығы осы оқу орнындағыдай 35-40% жүктелген», — дедi облыс әкiмi.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Ермек Маржықпаев Шортанды ауданын дамыту бойынша бiрқатар тапсырмалар бердi.