Ермек Маржықпаев: Биыл өңірде 5 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылады

Ермек Маржықпаев: Биыл өңірде 5 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылады

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев халыққа есеп беру кездесуiнде тұрғын үй құрылысы саласындағы жобалардың жүзеге асырылуы туралы мәлiмдедi, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

Аймақ басшысы атап өткендей, өңiрде тұрғындарды баспанамен қатамасыз етуде тұрғын үй құрылысы бойынша бiрқатар мемлекеттiк бағдарламалар жүзеге асырылуда. «2017 жылдан бастап «Нұрлы жер» мемлекеттiк бағдарламасы қолға алынды. Аталған бағдарлама бойынша бiз көш басындамыз. Бағдарлама iске асырыла бастағалы барлығы 13 мыңнан астам отбасы баспана мәселесiн шештi. 2019 жылы 4650 пәтер пайдалануға берiлдi. Бюджет қаражаты есебiнен 9 жалдамалы және 11 несиелiк үй салынды», — дедi Е.Маржықпаев.

Осы жылы 5 мыңға жуық отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 19 жалға берiлетiн тұрғын үймен облыстың 10 өңiрi қамтылатын болады. Бұл дегенiмiз 867 пәтер. «Тұрғын үй сатып алуға жаңа мүмкiндiктер мен сұраныс «7-20-25» тұрғын үй несиелеу бағдарламасы арқылы оң шешiмiн табуда. Бұл бағытта бүгiнгi күнi 574 өтiнiм мақұлданып отыр», — деп толықтырды Е.Маржықпаев. Айта кету керек, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшiн бөлек кезек құрылған. Оларға 172 жалға берiлетiн пәтер бөлiнген, бұл өткен жылға қарағанда екi есеге көп.