
Бүгiн облыс әкiмi жаңа тау-кен байыту комбинатының құрылысын салуды жоспарлап отырған «RG GOLD» компаниясының өкiлдерiмен кездестi. Жобалау-сметалық құжаттамасы дайын, бiрқатар мемлекеттiк сараптамасы жүргiзiлуде.
Коммуникацияларына жер учаскесi дайындалған. «RG GOLD» «Оңтүстiк» және «Солтүстiк аудан қалашығы» кен орындарын өндiредi, онда өндiрiстiк қуаттылығы жылына 5 млн тонна құрамында алтыны бар руда тау-кен байыту комбинатының құрылысын салуды бастауды жоспарлап отыр. Жаңа зауыт Қазақстанда алтын өнiретiн үшiншi зауыт болады.
RG GOLD» компаниясының өкiлдерi өз жоспарларын таныстырды, оның шеңберiнде 105 миллиард теңге инвестициялар жоспарланған.
«Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын, салық базасын нығайтуды, кемiнде екi ауданның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етедi. Бизнес инвестициялардың жалпы көлемiнен жеке инвестициялар 80 пайызын бiздiң экономикамызды дамытуға жұмсайтыны қуантады», — дедi Ермек Маржықпаев.
Айта кетерлiгi, қазiргi уақытта бұл жоба республикалық картаға енгiзуiмiз және бекiтуiмiз қажет.
Ақмола облысы өзара тиiмдi ынтымақтастыққа мүдделi инвесторлар үшiн агроөнеркәсiп секторында ғана емес, өндiрiстiң барлық бағыттары бойынша тартымды. Қаржы салымдары жылдан жылға өсе түсуi соның айғағы.