Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте екі мәселе қаралды - Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы және Қостанай облысы мен Зеренді ауданындағы орман өрттерінің жағдайы талқыланды

"Президент Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру жоспары таяуда еліміздің Үкімет отырысында егжей-тегжейлі пысықталды, әрбір қатысушы алдағы жұмыс бағыттары туралы қорытынды жасады деп ойлаймын. Президенттің биылғы Жолдауы біздің өміріміздің барлық салаларына қатысты және оны жүзеге асыру үшін барлық басқармалар мен департаменттер өкілдерінің қатысуымен байыпты, жүйелі жұмыс қажет", - деді облыс әкімі.

Ермек Маржықпаев Президент Жолдауының мазмұнын қысқаша еске салып, таяу уақыттағы ел дамуының негізгі бағыттарын атап өтті: жаңа экономикалық саясатқа көшу, медициналық қызметтерді кешенді жақсарту, мемлекеттік басқаруды "қайта жүктеу", заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету. Барлық өзгерістер адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған.

Аймақ басшысы қатысушыларға Зеренді ауданындағы өртті жоюдағы жедел әрекеттері үшін алғысын білдірді, іс-қимылдардың үйлесімділігінің арқасында жағдайды тез арада шешуге мүмкіндік туды, ауыр зардаптарға жол бермеді.

"Қайғылы оқиға Қостанай облысындағы көршілерімізде орын алды. Орман алқаптарының үлкен аумағы өртеніп, өрт тұрғын үйлерге жайылды. Кеше біздің өңірде көрші өңір тұрғындарына өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинағы ашылды, заттар, дәрі-дәрмектер, бірінші кезекте қажетті заттар қабылданады. "AMANAT" партиясының облыстық филиалы базасында жиналған алғашқы көмек партиясы қостанайлықтарға жолданды, сондай-ақ "Қоғамдық келісім" КММ-де көмек қабылдау пункті ашылды. Өзгенің қайғысына бей - жай қарамаған және жерлестерімізге қолдау көрсеткен барлық ақмолалықтарға алғыс айтқым келеді", - деп атап өтті аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысынан 6 бірлік техника мен бір тікұшақ жіберілді, үшінші тәулікте Қостанай облысында 68 ақмолалық өрт сөндіруші апатпен күресуде, оларды үйде отбасы күтуде. Ол Зеренді ауданындағы орман өртін сөндіруге қатысқан облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Кеңес қорытындысы бойынша жану себептерін мұқият тексеру және тұрақты алдын алу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.