Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың Аршалы ауданына жұмыс сапары

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың Аршалы ауданына жұмыс сапары

Облыста Елорда маңындағы аудандарды дамытуға көп көңіл бөлінеді. Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Аршалы ауданы Жібек Жолы, Аршалы және Түрген ауылдарының инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралады.

Сәндік өсімдіктерді өсірумен айналысатын "Jardin" бақша орталығын 2015 жылы ерлі-зайыптылар Ерлан мен Гүлнар Оспановтар ашқан.

"Біз елордадағы гүлдер мен көктердің қаншалықты аз екеніне таң қалдық. Алдымен мен өзім үшін гүлденген оазис құрғым келді. Кейін Нұр-сұлтанды көгалдандыру идеясы келді. Қазір Жібек Жолы ауылында 200 – ге жуық өсімдік түрін өсіріп жатырмыз, олардың көпшілігі көпжылдық", - дейді кәсіпорын директоры Гүлнар Оспанова.

Кәсіпкерлердің пікірінше, әр жоба арнайы дизайнмен жасалған, объект үшін көпжылдық өсімдіктер таңдалады.

Ауылдағы табысты бизнестің тағы бір мысалы "Кабель КТ" ЖШС болды. Нысанды 2015 жылы Светлана Шилова ашты. Қазір өндірісте 14 адам жұмыс істейді, орташа жалақысы 250 мың теңгеден асады.

"2 тоқсанда айналым 1 млрд теңгеден асты. Шикізатты Ресей мен Беларусь жеткізеді, станоктар Қытайдан әкелінді. Маркетингте де проблемалар жоқ. Дамудың жақсы перспективалары бар", - деп бөлісті кәсіпкер.

Кәсіпорын қызметімен танысқан облыс әкімі облыс орталығындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастыруды тапсырды. 

"Жібек Жолы Агросервис" ЖШС көкөніс сақтау қоймасында Ермек Маржықпаев израильдік технология бойынша көкөністерді сақтау және тамшылатып суару технологиясымен танысты. Тоңазытқыш жабдықтары өнімдерді 12 айға дейін сақтауға мүмкіндік береді.

Ауданда тұрғын үй-коммуналдық саласы да белсенді дамуда. Әкімнің орынбасары Ержан Жолымбетовтың айтуынша, Жібек Жолы ауылындағы сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 50 шақырымнан асады. Орталықтандырылған сумен халықтың жартысына жуығы қамтылған.

Сондай-ақ, өңір басшысы Жібек Жолы ауылындағы кентішілік жолдардың күрделі жөндеу және жол құрылысы барысымен танысты. Мұнда бірден бірнеше жоба жүзеге асырылуда-жолдарды салу мен күрделі жөндеуден бастап жаяу жүргіншілер аймағын төсеуге дейін.

Бүгінгі таңда жол жабындысы 60% – ға және қатты төсемде 30% - ға аяқталды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдар қосымша салынады.

Биыл Екатеринбург-Алматы тас жолының Түрген-Константиновка-Белоярка автомобиль жолын жөндеу аяқталады.

Көлік және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаковтың айтуынша, 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін ұзындығы 40 км жол учаскесін жөндеу жұмыстары жүргізілген, ағымдағы жылы жобаны іске асыруды аяқтау көзделген.

"Мердігерлер нысандарды мерзімінде тапсыруға жауапты екенін түсінуі керек. Жолдың аяқталмаған учаскелерін қыста қалдыруға болмайды. Көктемде қар ерігеннен кейін барлық жұмыс нөлге дейін азаяды, яғни бәрін қайта бастауға тура келеді", - деп атап өтті әкім.

Сонымен қатар, Ермек Маржықпаев Жібек Жолы ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысы мен Түрген ауылындағы мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.  

Сапар соңында "Еңбек-1"ЖШС алқаптарында ауданның ірі шаруаларымен кездесу болды.