Көкшетауда "Қазақстан халқына" Қоғамдық Қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішевпен бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және жаңарту мәселелері бойынша кездесу өтті. Іс-шараға азаматтық қоғам, бизнес және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Болат Жәмішев кіріспе сөзінде Қордың алдағы жылға арналған мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.
"Қор құру туралы бастамамен сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті, ол немен айналысатыны халықтың пікірін ескере отырып анықталуға тиіс екенін айтты. Осыған байланысты қыркүйек айында Қор қызметінің мақсатты бағыттарын анықтау үшін ұлттық қайырымдылық конференциясын ұйымдастырғымыз келеді. Дайындық жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі Қазақстанның барлық аймақтарындағы кездесулер болады. Алғашқы кездесуді Көкшетауда өткіземіз", - деп атап өтті басқарма төрағасы.
Өз кезегінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев өңірге көрсетіліп жатқан ықылас пен қолдау үшін алғысын білдірді.
"Қордың жаңа қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын талқылауға арналған алаң ретінде біздің облыс алғашқылардың бірі болып таңдалғаны қуантады. Оның жұмысы азаматтардың нақты мәселелерін шешудің дәлелі болып табылады", - деп атап өтті М.Тәткеев.
Айта кетейік, өңірде бірқатар меценаттардың қызмет ету бағыттарының бірі әлеуметтік саланы тұрақты қолдау және қайырымдылық болып табылады. Соңғы екі жылда облыста жалпы сомасы 9 млрд.теңгеге жуық екі мыңнан астам әлеуметтік бастама іске асырылды, 130-ға жуық нысан салынды және реконструкцияланды, сондай-ақ екі мыңнан астам өзге де әлеуметтік бастама іске асырылды.
Өз ұсыныстарын облыстық мәслихат депутаты, "Қазына SR" компаниялар тобының директоры Сайра Матайбаева, "Шанс" мүгедектерді оңалту орталығы" ҚБ төрағасы Василий Шиманский, "Доброе сердце "Лидер.kz" ҚҚ төрайымы Ирина Катухова және басқалар білдірді.
Іс-шара соңында тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.