Облыс әкімдігінің кезекті отырысы

Облыс әкімдігінің кезекті отырысы

Бүгiн өңiр басшысының төрағалығымен облыс әкiмдiгiнiң кезектi отырысы өткiзiлдi. Күн тәртiбiнде — әлеуметтiк-экономикалық даму, бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерi жоспарларның орындалуы мәселелерi.

Баяндамашы, облыстық экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Қ.М. Дүзелбаев жиналғандарды 2019 жылдың қорытындысы бойынша өңiрдiң даму, жоспарланған көрсеткiштердiң орындалу нәтижелерiмен таныстырды.

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыста 16 664 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 8 010 тұрақты. Жұмыспен қамту қызметi арқылы 20 582 адам жұмысқа орналастырылды.

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы бойынша:

- «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты бойынша 2019 жылда 3 083 адам қысқа мерзiмдi оқытумен қамтылды;

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты бойынша:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту —

4030 адам оқудан өттi;

- ауылда және қалаларда кәсiпкерлiк бастамаларды қолдауға

1 048 шағын несие берiлдi.

- 1 518 адам жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға жалпы соммасы 579,2 млн. теңге грант алды.

- «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты бойынша жастар тәжiрибесiне — 757 адам, әлеуметтiк жұмыс орындарына — 602 адам , ақылы қоғамдық жұмыстарға — 2 240 адам жiберiлдi.

Iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан бастап) «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 143,6 млрд.теңге кредит сомасына 1 231 жоба мақұлданды.

Облыста жалпы құны 264,5 млрд.теңгеге 45 мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобасына қол қойылды, оның iшiнде 6 жоба бойынша 4,2 млрд. теңгеге мемлекеттiк мiндеттемелер қабылданды. 12 жоба жоспарлау сатысында.

534,1 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берiлдi, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 111,7% құрайды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi 515,8 млрд.теңгенi НКИ — 2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 100,1% құрады.

Дәндi және бұршақ дәндi дақылдардың жалпы түсiмi 5,1 млн. тонна құрады, орташа өнiмдiлiгi — 11,7 ц/га, картоп — 278,1 мың тонна (160 ц/га) көкөнiстер — 57,5 мың тонна (149,6 ц/га). Майлы дақылдарды жинау 245,1 мың га алқапта жүргiзiлдi. Жалпы түсiмi 186,8 мың тонна құрады (7,6ц/га).Сүрi жерлердi өңдеу 721,6 мың га алқапта немесе белгiленген жоспардан 101,6% жүргiзiлдi (жоспар — 710,4 мың га). Сүдiгер жырту 889 мың га алқапта жыртылды, ол көзделген алқаптың 103,7% құрайды.

Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 140,1 мың тонна ет, 96,1 мың тонна сүт (2,7%-ға өсiм), 860,4 млн. дана жұмыртқа (2,9%-ға төмендеу) өндiрiлдi. IҚМ басының саны 1,8%-ға өстi (430,2 мың басты құрайды), оның iшiнде сиыр — 4,1%-ға (219,9 мың бас), құстар — 7% -ға (8,1 млн. бас). Қой мен ешкiнiң саны 0,6% (530,2 мың басқа дейiн), жылқы — 1,2% (187,3 мың бас), шошқалар саны 2,3% (101,6 мың басқа дейiн) азайды.

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына 113,6 мың тонна сүт өнiмдерi, 28,6 мың тонна ет өнiмдерi, 276,5 млн. дана жұмыртқа жеткiзiлдi.

Облыс бойынша бюджеттiң шығыс бөлiгi 287 662,5 млн. теңге сомасында орындалды немесе жылдық жоспарға 99,5%.

Облыстық бюджет бойынша 252 802,3 млн. теңге игерiлдi немесе жоспарға 100,0% (2019 ж. 01.01 — 100,0%, 78,1 млн. теңге игерiлмедi).

27 облыстық бюджеттiк бағдарламалардың 18 әкiмшiсi қаржы жылын бюджет қаражатын 100% игерумен аяқтады.

Бұл ретте 107,8 млн. теңге игерiлмедi, оның ең көп сомасы мынадай бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бойынша белгiленедi: энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, бiлiм басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы .

Аудандық (қалалық) бюджет бойынша 176 798,7 млн. теңге немесе 99,3% игерiлдi. 100% игеруге Ақкөл, Бурабай, Жақсы, Жарқайың, Зерендi, Сандықтау, Целиноград аудандары мен Степногорск қаласында қол жеткiзiлдi.

Тұтастай алғанда өңiрлер 1 305,8 млн. теңгенi игермеген.

Талқылаудың қорытындысы бойынша облыс әкiмi Е. Маржықпаев аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкiмдерiне мал шаруашылығын, шағын және орта бизнестi дамытуды тапсырды.

«Мал басын қалпына келтiру және одан әрi арттыру үшiн нақты мүмкiндiктер жасау, ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын толық жүктеу қажет.

Экономика тұрақтылығының негiзi — шағын және орта бизнестi дамыту. Ағымдағы жылы ШОБ субъектiлерiнiң саны азаюына жол бермеу керек» — дедi облыс әкiмi.

Басқармалардың басшылары мен өңiрлердiң әкiмдерiне 2020 жылға жоспарланған көрсеткiштердiң толық орындалуына қол жеткiзудi тапсырды.

«Барлық жоспарланған iс-шараларды толық орындау қажет. Атап айтқанда, жол карталарының барлық көрсеткiштерiн жоспарлы түрде жүзеге асыру, облыстық басқармалармен және аудан әкiмдiктерiмен бiрлесiп бiз барлық көрсеткiштерге қол жеткiзу үшiн әзiрлейтiн Кешендi жоспар бойынша жұмыс iстеймiз», — дедi әкiм.

Сонымен қатар, өңiр басшысы жергiлiктi атқарушы органдардың алдында тұрған басты мақсат — өңiр тұрғындарының өмiр сүру сапасын арттыру екенiн еске салды.

Отырыстың соңында ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ғосман Төлеғұлұлын 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.