
Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының XXV сессиясының жұмысына қатысты, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сессияда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының өткен XXXI сессиясында қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша қолданылып жатқан шаралар талқыланды.
Облыстық сессияның жұмысына Ассамблея мүшелері, этномәдени және діни бірлестіктердің, мемлекеттік мекемелердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жастар қатысты.
Қатысушылардың алдында сөз сөйлей отырып, облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Ермек Маржықпаев ҚХА өткен XXXI сессиясында айтылған міндеттердің маңыздылығын және барлық күшті соларды орындауға бағыттау қажеттілігін атап өтті.
«Қазақстан Республикасының Ата заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу жөніндегі Президенттің бастамасы сессияның маңызды сәті болды. Бір ай ішінде облыста елдің негізгі заңына енгізілетін түзетулер бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. 5 маусымда ақмолалықтар Жаңа, Әділ Қазақстан құру ісіне өз үлестерін қосты», - деп атап өтті өңір басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі ел бойынша Конституцияға түзету енгізуге «иә» деп дауыс беру бойынша ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізгені үшін ақмолалықтарға алғысын білдірді.
Сессия жұмысына Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы Марат Өтегенов, ҚХАА жанындағы журналистер клубының төрағасы, ҚХА жанындағы журналистер клубының төрағасы, Зеренді ауданы «Зерделі Зеренді» және «Зерен» газеттерінің бас редакторы Светлана Ким, ҚХ Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Айнагүл Жазиева, «Ассамблея жастары» РҚБ Ақмола облысындағы өкілдігі төрағасының орынбасары Мирас Капар, Көкшетау қ. «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының көшбасшысы Милана Тарасова қатысты.
Спикерлер өздерінің сөз сөйлеулерінде бейбітшілік пен келісімді нығайту, бірлікті сақтау және алға қойылған міндеттерге қол жеткізу мәселелері бойынша пікір алмасты.
«Біз қызықты да, күрделі уақытта – қоғамда да, мемлекет те, өмірдің өзі де өзгермелі аумалы-төкпелі уақытта өмір сүрудеміз. Жуырда ғана біз жалпыұлттық референдумге қатыстық, ҚР Конституциясына өзгерістер енгізуге дауыс бердік, ол фундаментальды сипаттағы мәселе және елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертеді», - деді өз сөзінде Светлана Ким.
Іс-шараның соңында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері өңір тұрғындарына үндеу қабылдап, облыстық ассамблеяның жаңа құрамын бекітті.