Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласындағы Абылай хан алаңында жиналған қауымды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жақсылық, бақыт тіледі

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласындағы Абылай хан алаңында жиналған қауымды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жақсылық, бақыт тіледі

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласындағы Абылай хан алаңында жиналған қауымды келе жатқан Жаңа жыл мерекесiмен құттықтап, жақсылық, бақыт тiледi. Әкiм аудандық және қалалық полиция бөлiмдерiне су жаңа бес «УАЗ», мүмкiндiгi шектеулi жандарға арналған «Инватакси» автокөлiктерiн тапсырды.

Облыс басшысы шараға жиналғандарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесiмен құттықтап, облысымыз үшiн өтiп бара жатқан жылдың табысты аяқталғанын атап өттi.

Салтанатты рәсiмде облыс әкiмi бүгiнгi таңда Мемлекет мүмкiндiгi шектеулi жандарға көп көңiл бөлiп отырғанына назар аудартты. Ерекше мұқтаждығы бар тұлғаларды қолдау саласында қызмет көрсететiн өңiрiмiздегi үкiметтiк емес ұйымдардың бiрi — «Бурабай мейiрiм» ҚБ-ға заманауи инватаксилердi табыс ету соның бiр айғағына айналды. Арнайы көтергiшi бар жаңа автомобильдiң кiлттерi «Бурабай мейiрiм» ҚБ төрағасы, Бурабай аудандық мәслихатының депутаты Қанат Байбуровке тапсырылды.

«Баршаңызды келе жатқан 2020 жылмен құттықтаймын! Дәстүр бойынша, жыл тоғысында бiз тарих беттерiнде қалатын өткен жылды қорытындылап, алдағы кезеңге перспективалық жос-парлар белгiлеймiз. Өтiп бара жатқан жылдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi бiршама жақсы болды.

Келесi жылдағы айтулы оқиғалардың бiрi — Көкшетауда өтетiн Қазақстан мен Ресейдiң аймақаралық ынтымақтастығы форумы болмақ. Бұл шара облысымыздың келешекте одан әрi кемелденiп, дами түсуiне жол ашады. Мемлекетiмiз үшiн маңызы зор мерейлi жылды ақмолалықтар жаңа еңбек жетiстiктерiмен қарсы алып, елiмiз бен облысымыздың одан әрi дамуына лайықты үлестерiн қосады деген сенiмдемiн, — дей келе,

Сонымен қатар, бұл күнi облысымыздағы бiрқатар аудандық және қалалық полиция бөлiмдерiне су жаңа бес «УАЗ» көлiгi, Бурабай ауданындағы «Бурабай мейiрiм» қоғамдық бiрлестiгiне мүмкiндiгi шектеулi жандарға арналған «Инватакси» көлiгi тапсырылды.