
Бүгiн, Көкшетау қаласында белгiлi мемлекет қайраткерi, Ақмола облысының құрметтi азаматы Шапай Мүтәллапұлы Әбутәлiповтiң 80 жылдық мерейтойына арналған еске алу кешi өткiзiлдi. Ол кiсi 2016 жылы қайтыс болған едi. Iс-шараға туыстары, жақын достары, серiктестерi қатысты.
«Бiз бүгiн, атақты мемлекет қайраткерi, есiмi тарихта алтын әрiппен жазылатын, Парасаттылық адамы, еңбекқор, елiнiң қадiрлi азаматын еске алу кешiне жиналып отырмыз. Шапай Мүтәлләпұлының адами және кәсiби беделi әрқашанда жоғары бағаланды. Айналасындағылардың барлығы осы тамаша адамды қарапайымдылығы, инабаттылығы мен адамдарға деген үлкен құрметi үшiн құрметтедi», — деп атап өттi Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев.
Өзiнiң сөзiнде өңiр басшысы, жуық арада Шапай Әбутәлiповтiң құрметiне облыс орталығында бiр көшеге есiмiн беру мәселесi шешiлетiнiн хабарлады.
Бiрлесiп жұмыс iстеген жылдары туралы естелiктерiмен Республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесi төрағасының орынбасары Өмiрзақ Озғанбаев, Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Владислав Косарев, қоғам қайраткерi Жабал Ерғалиев, Ақмола және Солтүстiк Қазақстан облыстық соғыс және еңбек ардагерлерi кеңестерiнiң төрағалары Ғосман Төлеғұл мен Ескендiр Елеусiзов бөлiстi. Сонымен қатар, Шапай Әбутәлiповтiң студенттiк өмiрiнiң қызықты кезеңдерi туралы оның сыныптасы, әрi досы Болатхан Ермекбаев айтып бердi.
Кеш соңында Шапай Әбутәлiповтiң өмiрi мен еңбек жолы туралы деректi фильм көрсетiлдi.
Шапай Әбутәлiпов 1964 — 1985 жылдары Көкшетау облысы, «Молодежный» кеңшарында бас инженер, С.Сейфуллин атындағы кеңшардың директоры болып қызмет атқарды, Көкшетау аудандық ауыл шаруашылығы басқармасын басқарды, Көкшетау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болды.
1985 — 1994 жылдар кезеңiнде — Қазақстан Компартиясы Еңбекшiлдер аудандық комитетiнiң бiрiншi хатшысы, Қазақстан Компартиясы Целиноград облыстық комитетiнiң хатшысы, Қазақстан Компартиясы Көкшетау облыстық комитетiнiң бiрiншi хатшысы, облыстық халық депутаттары кеңесiнiң төрағасы.
Екi рет Еңбек Қызыл Ту және Құрмет ордендерiмен марапатталды. Ақмола облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы, ҚР Орталық ардагерлер кеңесi президиумының мүшесi, ҚР Парламентi Мәжiлiсi комитетiнiң жанындағы сараптамалық топтың мүшесi, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесiнiң және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесi болды.
