
Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткiзiлген аппараттық кеңесте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңiрге жұмыс сапарының қорытындысы қарастырылды.
Соңғы 2 жылда облыс суармалы егiстiк көлемiн айтарлықтай арттырды. 2022 жылға қарай оның ауданын тағы 17,7 мың гектарға ұлғайту көзделiп отыр. Терең өңдеуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру арқылы облыста АӨК еңбек өнiмдiлiгiн 5 жылда 2,5 есе өсiру мүмкiндiгi бар. «Президенттiң тапсырмасы бойынша облыста А.И.Бараев ат. астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығының әлеуетiн пайдалануымыз қажет», — дедi облыс әкiмi.
Сонымен қатар, Ермек Маржықпаев еттiк және сүтiк мал шаруашылығы бағдарламаларына ұқсас өңiрлiк суармалы егiстiк бағдарламасын қысқа мерзiмде әзiрлеудi тапсырды. Ауыл шаруашылығына арналған жерлердiң үлесiн арттыру, Бурабай және Щучье көлдерiн, Көкшетауда — Қопа көлi мен Қылшақты өзенiн тазарту бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар егжей-тегжейлi талқыланды.
Көкшетауда мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шеңберiнде қуаттылығы: электрлiк — 180 МВт және жылу беру — 450 Гкал/сағ ТЭЦ құрылысы жоспарланған болатын. Егер жыл аяғына дейiн Словениядан өтiнiм бiлдiрген инвестор қабылдаған мiндеттерiн орындамаса, ол жосықсыз деп жарияланады. Болашақ конкурсты жаңа сызба бойынша өткiзу жоспарланып отыр. Жарқайың ауданында Масальское темiр кенiшi кен орны базасында таукен-металлургия кешенiнiң құрылысын салу бойынша инвестор iздестiрiлуде.
Облыс орталығында су тазарту имараттарының құрылысын салуға 3,9 млрд теңге және өңiрдiң елдi мекендерiн сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшiн 40 млрд теңге алдын ала есептер жасалды. Сонымен қатар, Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы және Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы инфрақұрылымдық жобаларды, Аршалы және Целиноград аудандарын газдыландыруды жүзеге асыру бойынша ақпарат мұқият тыңдалды. Аршалы ауданы ЖСҚ әзiрлеу мерзiмiн бұзғаны атап көрсетiлдi. Барлығы 20 елдi мекенде 1022 км газ тарату желiлерi салынады. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылғы желтоқсанда басталады, 2021 жылдың соңында аяқталады.
Одан әрi «қарапайым заттар экономикасы» бойынша жобалары жүзеге асыру, әлеуметтiк маңызды азық-түлiк тауарларына бағаларды тұрақтандыру, үш ауысымда оқытуды жою және басқа да мәселелер қозғалды.
Кеңестiң қорытындысы бойынша облыс әкiмi Ермек Маржықпаев жоспарлық көрсеткiштердi орындамағаны үшiн бiрқатар басшыларға тәртiп жаза қолданылатынын жариялады.