ҚҰРМЕТТІ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ!

ҚҰРМЕТТІ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ!

Баршаңызды кәсiби төл мерекелерiңiз — Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсiбi қызметкерлерi күнiмен шын жүректен құттықтаймын!

Сiздердiң еселi еңбектерiңiз бен мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың арқасында облысымыздың аграрлық секторы ырғақты дамып келедi, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң барлық түрлерi бойынша тұрақты өсiм байқалуда. Биылғы жылғы ауа райының қолайсыздықтарына қарамастан, облыс диқандары 5 миллион тоннадан астам астық жинады. Бiздiң облысымыздың үлесiне елiмiзде өндiрiлген астық пен құс етiнiң төрттен бiрi, құс жұмыртқасының — 16 пайызы, ұнның — 11 пайызы, сүттiң — 10 пайызы, картоптың — 8 пайызы тиесiлi болып отыр.

Өңiрiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына диқандар мен мал шаруашылығы еңбеккерлерiнiң, ауыл шаруашылығы құрылымдары мен өңдеушi сала қызметкерлерiнiң қосып отырған үлесi зор. Сiздердiң кәсiби бiлiкiтiлiктерiңiз бен өз iстерiңiзге деген адалдықтарыңыз елiмiздiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, өндiрген өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға игi ықпалын тигiзетiнiне сенемдiмiн.

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiзбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбастарыңызға береке-бақыт және еңбектерiңiзге табыс тiлеймiн!

Iзгi тiлекпен,
Ақмола облысының әкiмi                                                                                    Ермек Маржықпаев