ҚҰРМЕТТІ АҚМОЛАЛЫҚТАР!

ҚҰРМЕТТІ АҚМОЛАЛЫҚТАР!

Сiздердi Ұлттық валюта — теңге күнiмен құттықтаймын. Қазақстан үшiн 15 қараша тарихи маңызы бар айтулы күн болып табылады, өйтккенi осы күнi елiмiздiң тәуелсiздiгiнiң бiр белгiсi болып саналатын ұлттық теңгемiз пайда болған едi.

Бұл күндi өздерiнiң кәсiби мерекелерi ретiнде елiмiздiң экономикасының өсiп-өркендеуiнде үлкен рөл атқаратын қаржы жүйесiнiң қызметкерлерi де атап өтедi.

Қаржы саласы қызметкерлерiнiң кәсiби бiлiктiлiгi мен өз мiндеттерiн адал да, сапалы атқаруының нәтижесiнде облысымздың барлық өңiрлерiнде экономикалық жағынан одан әрi даму және азаматтардың әл-ауқатын көтеру бағытындағы алға қойған мiндеттер табысты жүзеге асырылуда.

Осы айтулы күнi баршаңызға мықты денсаулық, мерекелiк көңiл-күй, таусылмас қажыр-қайрат тiлеймiн! Сiздердiң iскерлiк қарым-қабылеттерiңiз туған өңiрiмiздi одан әрi дамытуға әрдайым қызмет ете берсiн!

Iзгi тiлекпен
Ақмола облысының әкiмi                                                                                                                Ермек Маржықпаев