
Мемлекет басшысы өндiрiс ғимаратын аралап көрiп, облыстың ет өңдеу зауыты өндiрген өнiмдермен танысты.
«Бижан» ЖШС — өңiрдегi ет өнiмiн өндiретiн iрi кәсiпорындардың бiрi. Зауытта шұжықтың 15 түрi, ет консервiлерi мен жартылай фабрикаттар және тағы да басқа өнiм түрлерi өндiрiледi. Кәсiпорын 115-тен астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
Нысанды аралау барысында Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Президентке өңiрдегi ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу саласын дамыту жайында мәлiмет бердi.





