ВИКТОРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ САПАРБАЕВТАН АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІ СҰРАДЫ - АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

ВИКТОРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ САПАРБАЕВТАН АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІ СҰРАДЫ - АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

ЗЕРЕНДI. ҚазАқпарат — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Бердiбек Сапарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Зерендi ауданындағы Викторовка ауылының тұрғындарымен кездестi, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

Вице-премьер алдымен Викторовка ауыл мектебiнде болды. Мектеп директоры Жәмила Қасенованың айтуынша, бүгiнде бiлiм ошағында 204 оқушы тәлiм-тәрбие алуда. Оның iшiнде Бөгенбай би ауылында тұратын 13 оқушы күнделiктi шағын автобуспен тасымалданады. Көп балалы және тұрмысы төмен отбасындағы 59 бала тегiн ыстық тамақпен қамтылған. Ал, мәдениет үйiн аралап, тұрғындармен кездескен вице-премьер ҚР Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басты бағыттарын түсiндiрдi. Атап айтқанда, вице-премьер келесi жылдың 1 қаңтарынан бастап еңгiзiлетiн көпбалалы және мұқтаж отбасыларға арналған көмектiң жаңа әдiсi тұралы айтты.

Ауыл тұрғындары зейнеткерлiк және тұрғын үймен қамтамасыз ету, мұқтаж отбасыларға әлеуметтiк көмек көрсету, жұмысқа орналастыру, мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету және басқа да мәселелердi шешуге қатысты көкейдегi сауалдарын қойып, жауап алды. Кездесуде 1247 адам тiршiлiк кешiп жатқан Викторовка ауылының тұрғындары көтерген басты мәселе, бiр орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету болды. «Бүгiнгi күнi ауылдағы басты мәселе — ауыз су. Бұл туралы айтылғаны неше жыл. Әлi шешiлетiн емес. Жергiлiктi шаруашылық суды тұрғындарға тасымалдап жеткiзiп бередi. Бiрақ, ол бүкiл ауылды сумен қамтамасыз ету жеткiлiксiз. Осы мәселенiң шешiлуiне атсалыссаңыз», — дедi ауыл тұрғыны Любовь Берюкова. Осы ретте, вице-премьер тұрғындардың сауалын тыңдай келе, бұл мәселенiң алдағы уақытта шешiлетiнiн айтты.

«Ауыз су мәселесi бiзге белгiлi. Су құбырын тарту үшiн тиiстi құжаттарды дайындау қажет. Оның құны шамамен 300 миллион теңге шамасында. Оны Үкiмет пен облыс әкiмдiгi бiрлесiп шешетiн болады», — деп жауап бердi Б. Сапарбаев тұрғындардың сауалына орай.