ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ Т. УӘЛИЕВ АТЫНДАҒЫ СПОРТ МЕКТЕБІНЕ БАРДЫ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ Т. УӘЛИЕВ АТЫНДАҒЫ СПОРТ МЕКТЕБІНЕ БАРДЫ

Мемлекет басшысы Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары аясында Жақсы ауылындағы жекеменшiк спорт мектебiн аралап көрдi.

Қазақстан Президентiне күрес, бокс және футбол спортына арналған залдар көрсетiлдi. Қазiргi уақытта Жақсы ауданының 170 оқушысы бокс, грек-рим күресi және футбол секцияларында спортпен шұғылданады.

Бұл спорт мектебi өз тарихында 4800 спортшыны, соның iшiнде Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберлерi мен халықаралық дәрежедегi спорт шеберлерiн дайындап шығарды.

Мемлекет басшысы грек-рим күресiнен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченкомен және спорт мектебiнiң тәрбиеленушiлерiмен әңгiмелесу барысында ауылдағы бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өттi.

http://www.akorda.kz/kz/events/astana_kazakhstan/working_trips/kasym-zhomart-tokaev-t-ualiev-atyndagy-sport-mektebine-bardy