АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС САПАРЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС САПАРЫ

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласы бойынша жұмыс сапары барысында Краснояр аулының жанындағы Нұрлы көш мөлтек ауданының жол жабынын жөндеу жұмыстарымен танысты. Жоспарланған 10 800 квадрат метр жаңа асфальт жабынының жартысы ғана жабылған. Өңiр басшысы барлық жөндеу жұмыстарын қазан айының бiрiншi онкүндiгiне қарай аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ тұрғындармен кездесуде Ермек Маржықпаев 280 орындық балабақша құрылысын салу жобасы әзiрленiп жатқанын, ол жақын арада сараптамаға жiберiлетiнiн баяндады.

Облыс орталығында облыс әкiмi бiлiм беру мекемелерiнiң құрылысын тексердi. Ол 30 қыркүйектi краснояр жолында орналасқан оқыту-тәрбиелеу кешенiнiң тоқтап тұрған жүмысын қайта бастау үшiн бақылау күнi ретiнде бергiледi. №6 орта мектеп-лицейiнде және №13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясында тиiсiнше 300 және 420 орындық жапсаржай құрылыстары басталды. Мердiгерлерге жұмыс кестесiнен қалып қоймау тапсырылды.

Сарыарқа мөлтек ауданында Ермек Маржықпаев «Нұрлы жер» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша 12 үй салынып жатқан құрылыс алаңында болды, оның iшiнде 8 кредиттiк және 4 жалға берiлетiн үйлер. Ағымдағы жылы әлеуметтiк қорғалмаған отбасыларға арналған 2 үйдi және Тұрғын үй-құрылысжинақбанкi салымшылары үшiн 8 үйдi пайдалануға беру жоспарланған.

Қазақстан мен Ресейдiң өңiраралық ынтымақтастығы форумы шеңберiнде «Болашақ сарайы» сарайының құрылысы басталды. Объектiде жер қазу жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Қопа көлiнiң жағалауында Қылшақты өзенi арқылы өтетiн көпiрдiң құрылысын салу үшiн 5 бұрғылауқағу свайларын бұрғылау мен құю жұмыстары жүргiзiлдi, сондай-ақ, жол жабынын орналастыру үшiн топырағын алу жүргiзiлуде. Облыс әкiмi құрылыс жұмыстарының барысына оң баға бердi.

Сонымен қатар, Ермек Маржықпаев Кафедралдық собордың және бiрқатар жол объектiлерiнiң құрылыстарын қарап шықты.