
Шортанды ауданының Научный кентiндегi А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығының базасында Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен дәстүрлi агрокеңес өткiзiлдi. Оған аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкiмдерi, облыстық басқармалар мен ведомстволардың. ҚР АӨК облыстық және аудандық аумақтық инспекцияларының, астық компанияларының, шаруа қожалықтарының, дизелдiк отын жеткiзушi операторлардың, ауыл шаруашылығы техникаларын және өсiмдiктердi қорғау құралдарын сататын дилерлiк компаниялардың басшылары қатысты.
Биылғы агромаусымда егiн жинау жұмыстарын ұйымдасқан түрде және сапалы өткiзу бойынша мiндеттердi талқылаудың алдында ҒӨО қызметкерлерi аграрлық ғылымның егiстiк өсiрудегi жаңа әдiстерiн көрсетiп, агротехнологиялардың дамуы мен жаңа дәндi дақылдар, суармалы егiстiктi дамытудың перспективалары туралы баяндады. Сонымен қатар агрокеңеске қатысушылар дәлме-дәл жер өңдеуде қолданылатын ауыл шаруашылық техникаларымен танысты және орталықтың музейiн тамашалады.
Агрокеңестiң ашылуында облыс әкiмi кеңестi өткiзу орны кездейсоқ талдалмағанын айтты. А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы диқандардың жұмысын жеңiлдететiн, шығындарын азайтуға және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн технологияларды ойлап табумен айналысады. «Барлық облысты аралап шықтым және биыл егiстiк алқаптарындағы жағдай әртүрлi, өткен жылдармен салыстырғанда ерекше екенiне қөз жеткiздiм. Соған қарамастан бiз жақсы өнiм жинай алатынымызға сенiп отырмыз» дедi Ермек Маржықпаев.
Негiзгi баяндаманы облыс әкiмiнiң орынбасары Ғалымжан Әбдiхалықов жасады. Оның айтуынша көктемгi егiн егу жұмыстарының кешенi, пiсiп жетiлу кезеңiнде жүргiзiлген күтiм астық алқаптарының 65 % жақсы жағдайға жеткiзуге мүмкiндiк берген, егiстiктiң 35 % қанағаттанарлық деп танылған. Диқандар 4,8 млн. га алқаптан дәндi және бұршақ дәндi дақылдарды жинаулары қажет. Ағымдағы жылы өңiрдiң АӨК дамытуға мемлекет 35 млрд. теңге қаржы бөлдi, бұл өткен жылғыдан 7 млрд. теңге артық. Соның iшiнде өсiмдiк шаруашылығы саласын қолдауға 11,5 млрд. теңге бюджеттiк қаржы қарастырылды.
2019 жылы егiн жинау жұмыстарына 8,4 мың комбайн жұмылдырылады, соның iшiнде 3,9 мың бiрлiгi заманауи жоғары өнiмдi шетелдiк комбайндар. Облыста қажеттi дизельдiк отынның 47 % бар, бензин мен дизельдiк май 100 % дайын. Күзгi егiстiк жұмыстарын жүргiзу үшiн өңiр диқандарына 72 мың тонна арзандатылған дизельдiк жанармай бөлiнген, олар аудандарға егiн жинау алқаптарының құрылымдарына қарай таратылған.
Баяндаманы тыңдап, Ермек Маржықпаев ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға, ауыл шаруашылығына арналған жерлердi цифрландыруға баса көңiл бөлудi ұсынды.
Ғажымжан Әбдiхалықовтың баяндамасын А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығының директоры Кенже Абдуллаев толықтырды. Ол 2019 жылы егiн орағын жүргiзудiң технологиялық ерекшелiктерi туралы баяндады. Ауыл шаруашығы дәндi дақылдарын жинаудың ерекшелiктерi, соның iшiнде элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарындағы заманауи технологиялар, аурулардан қорғау тәсiлдерi, агрометеорологиялық жағдайлар және алдағы егiн орағының өзге де аспектiлерi талқыланды.
Сонымен қатар, кеңесте Жарқайың ауданының әкiмi Мұрат Балпан, «Журавлевка-1 ЖШС бас директоры Арман Құдайбергенов, Ақмола облысы бойынша «Казгидромет» РМК директоры Бақыт Мақажанова сөз сөйледi. Оның айтуынша биылғы күзгi маусымның климаттық жағдайы егiн орағы жұмыстарын жүргiзу үшiн қолайлы болады. «Казгидромет» РМК-нiң консультативтiк болжауы бойынша қыркүйек айында температура нормадан 1-2 градус жоғары болады. Жауын шашын нормадан төмен болады, кей жерлерде қысқа мерзiмдiк жаңбыр жауады.
Кеңестi қорытындылай келе, Ермек Маржықпаев диқандарды ұйымдастыру жұмыстарын уақытында шешуге шақырды, егiн жинау науқанын сәттi өткiзуге және жақсы өнiм жинауға тектестiгiн бiлдiрдi.