Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Аршалы ауданына жұмыс сапары барысында аудан орталығында ауылдық елдi мекендерде инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды, әлеуметтiк объектiлердi дамытуға бағытталған «Ауыл — Ел бесiгi» арнайы жобасы қалай жүзеге асырылып жатқанын тексердi.
Өңiр басшысы жөндеу жұмыстарын қарады. Қазiргi уақытта негiзгi үш көшеде мұнда бұрын болмаған асфальт төсеу, бiрқатар көшелерде шұңқырларын тегiстеу жұмыстары аяқталған. Тротуарларды жөндеу, күн батареясынан қуат алатын көше шамдарын, автобус павильондарын, көше белгiлерiн орнату жұмыстары жүргiзiлуде. Жөнделетiн учаскенiң жалпы ұзындығы — 7 километр. Жобаның құны 256 млн теңге құрайды.
Облыс әкiмi бағдарламаны сапалы жүзеге асыру қажеттiгiне назар аударды. ««Nur Otan» партиясының өткен саяси кеңесiнде Елбасы ол бастама жасаған «Ауыл — Ел бесiгi» бағдарламасы ауылдың деңгейiн көтеру қажеттiгiн еске салған. Ауыл өзiне тартып тұруы керек. Өмiр сүру жағдайларын жасап халықты ауылда ұстап қалуымыз керек», — дедi Ермек Маржықпаев.
Тамыз айында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы басталды. Жобаның құны — 833 млн теңге. Мердiгерлермен сұхбатта облыс әкiмi жұмыстардың орындалу мерзiмдерi мен сапасына баса назар аударды: «Аршалылықтар бұл объектiнi көп жылдар бойы күттi, жақсылап салыңыздар».
Ермек Маржықпаев жаңа орталық қазандықты пайдалануға беру үшiн iске қосу реттеу жұмыстарын тездетудi тапсырды. Оны салу үшiн «Ауыл — Ел бесiгi» бағдарламасы бойынша 133 млн теңге бөлiндi.
Сонымен қатар, 271 млн тенгеге кентте №2 мектептi күрделi жөндеу қарастырылған. "Ауыл — Ел бесiгi" бағдарламасы бойынша Ақмола облысында ағымдағы жылы барлығы 19 жоба бар.