Ақмола облысының судьялары өз қаражатына Көкшетау қаласында спорт алаңын салды

Ақмола облысының судьялары өз қаражатына Көкшетау қаласында спорт алаңын салды

Көкшетау қаласының 195 жылдығын және Жастар жылын атап өту шеңберiнде облыс орталығында тағы бiр спорт алаңының салтанатты ашылуы болды. Көкшетау қаласына мұндай сыйды Ақмола облысының судьялары жасады. Осы таяуда ғана Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң шағынгүлбағының қасында ойын алаңымен қоса воркаутпен, футболмен, хоккеймен шұғылдануға арналған жаңа заманауи көше спорт кешенi ашылғанын естерiңiзге саламыз.

Өңiрдiң судьяларын және сот жүйесiнiң қызметкерлерiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев құттықтады. «Бүгiн қаламыздың тарихындағы ерекше күн. Бiз тамаша спорт имараты ашылуының куәгерi болып тұрмыз. Екi жыл бұрын ҰҚК департаментiмен жазғы спорт алаңы құрылған болатын. Осыған байланысты, мен облыс орталығындағы барлық департаменттер мен басқармаларды осы жақсы дәстүрдi жалғастыруға және өзiндiк челленджге қосылуға шақырамын», — дедi облыс әкiмi.

Облыстық соттың төрағасы Досжан Әмiров спорт объектiсiн құру идеясына қолдау көрсеткендерi үшiн облыс судьяларына алғысын бiлдiрiп: «Барлығы Жоғары Сот Төрағасы Жақып Асановтың судьялар мен мамандардың ұжымдарында салауатты өмiр салтын қалыптастыруға, спортқа баулу мен денсаулықты шынықтыруға үндеуiнен басталды», — деп ойымен бөлiстi.

Бұл жерде белсендi демалысқа және судьялардың ұжымдарында спортты дамытуға бағытталған iс-шаралар өткiзiлетiн болады.

Облыс әкiмi дәстүр бойынша жаңа алаңда алғашқы болып доп тептi. Одан кейiн «Оқжетпес» балалар футбол клубының тәрбиеленушiлерi қойылым жаттығуларын көрсеттi.

Сол күнi өңiр басшысына Ақмола облыстық сотының фронт-офисi таныстырылды.